Руханият • 30 Қазан, 2019

Сәйгүліктерге арналған көрме Алматыда ашылды

182 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясында «Сәйгүлік» атты жылқыға арналған көрме ашылды.

Сәйгүліктерге арналған көрме Алматыда ашылды

Мұнда жалпы 100-ге жуық туынды қойылған. Оның ішінде тек бейнелеу өнері ғана емес, мүсіндер және алтынмен апталып, күміспен күптелген ат-әбзелдері ұсынылған.

Бұдан бөлек, шараға тарих ғылымдарының докторы, профессор Ахмет Тоқтабай және ақын Маралтай Райымбеков арнайы шақырылған. Олар қазақ ерекше қадір тұтқан жануардың шығу тегі мен асыл қасиеттері туралы айтып берді. Т.Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық өнер академиясының «Кескіндеме, мүсін және дизайн» факультетінің деканы Бауыржан Байділда  журналистермен кезедскен кезде  әлемде тұңғыш рет жылқыны қолға үйретіп, жылқы мәдениетін тарту еткен халық  біз екенімізді еске түсіріп өтті.  Осыдан 7 мың жыл бұрын біздің арғы ата-бабаларымыз осы қылқұйрықты мынау жылқы жануарын тұңғыш рет қолға үйретіп, мініске пайдаланып, етін жеп, сүтін ішкен халық. «Сондықтан біз мына Еуразияның апайтөс далаларын сонау Орхон, Керулен өзендерінен бастап, анау Балканға дейінгі алып территорияны барлығын осы жылқының күшімен алғанбыз», – деді тарих ғылымдарының докторы, профессор Ахмет Тоқтабай.

«Ұлы даланың жеті қырына» сай осы тақырыпты міндет деп санап осы ұстаздарымыз, шәкірттермен, студенттермен бірігіп, осы көрмені ашып отырмыз. Бұл көрменің басты мақсаты ертең біздің шәкірттеріміз үлкен кескіндемелік шығармаларын, мүсіндік шығармаларын атпен байланыстырып салған кезде білуі керек», – ол.