Спорт • 30 Қазан, 2019

Шайбалы хоккей: «Барыс» «Металлургтен» ұтылып қалды

37 реткөрсетілді

Құрлықтық хоккей лигасының (ҚХЛ) кезекті тур ойынын Нұр-Сұлтанда өткізген «Барыс» Магнитогорскінің «Металлургінен» ұтылып қалды. 

Бұл ойында есепті қонақтар ашты. 6 минутта Денис Паршин бағыттағын шайба қақпа торынан табылды. Екінші кезең бел ортаға жеткен тұста айдын иелері таразы басын теңестерді. Бұл жолы «Барыстың» қорғаушысы Даррен Диц мергендік танытты. Алайда 33 минутта Максим Матушкин «Металлургті» алға шығарды – 2:1. Одан кейін бұл есеп өзгерген жоқ. Осылайша, жерлестеріміз қатарынан үшінші кездесуде жеңілістің кермек дәмін татты. 

Қазір «Барыс» өз конференциясында төртінші және тұрақты біріншілікте жетінші орында келеді. Біздің хоккейшілер осы күнге дейін 22 кездесу өткізіп, 29 ұпай жиды. Олар енді өзінің келесі бәсекесін бүгін Нұр-Сұлтанда Екатеринбуртің «Автомобилист» клубына қарсы өткізеді.

Соңғы жаңалықтар

Күлкі керуені № 16

Руханият • Бүгін, 12:04

Ақынға арналған күн

Руханият • Бүгін, 07:46

Қаланы дамыту құжаты дайын

Аймақтар • Бүгін, 07:43

Баспанамен қамтитын басты құжат

Бағдарламалар • Бүгін, 07:23

Ер Едіге және елдік мүдде

Руханият • Бүгін, 07:20

Болмысы бүтін Бағаев

Руханият • Бүгін, 07:19

Темекінің тауқыметі

Медицина • Бүгін, 07:05

Ұқсас жаңалықтар