Спорт • 30 Қазан, 2019

Әли Ахметов «ТОП-15» боксшының қатарына қосылды

746 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Екінші орта салмақта күш сынасып жүрген қазақстандық кәсіпқой боксшы Әли Ахметов WBC нұсқасы бойынша әлемдік рейтингте 15 орынға көтерілді.

Әли Ахметов «ТОП-15» боксшының қатарына қосылды

Кәсіпқой рингте өнер көрсетіп жүргеніне үш жылдан аса уақыт болған жерлесміз осы қысқа ғана мерзім аралығында өзінің мықтылығын мойындатып үлгерді. 16 жекпе-жек өткізген ол солардың барлығын өз пайдасына шешіп, 12 қарсыласын есінен тандырды.

Соңғы рет Әли Ахметов 6 қарашада АҚШ-тың Нью-Йорк қаласындағы Мэдисон Сквер Гарденде рингке көтерілді. Сол бәсекеде америкалық Эндрю Эрнандесті 44 секундта ұрып жығып, WBC International Silver нұсқасының алтын белбеуін өзінде қалдырды.

Осы жеңісінің арқасында Қазақстанның жас өрені WBC нұсқасының әлемдік рейтингінде бірнеше сатыға жоғарлап, бұл күндері ол «ТОП-15» боксшының қатарына қосылды.