Спорт • 30 Қазан, 2019

Шахматтан ел чемпионаты аяқталды

287 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қарағандыда шахматтың рапид және блиц турлерінен Қазақстан  чемпионаты аяқталды.

Шахматтан ел чемпионаты аяқталды

Сурет ҚР шахмат федерациясының сайтынан алынды

Рапидтен өткен жарыста әлміздің үздік ойыншыларының түгелге жуығы жиналды. Бұл тартыста Батыс Қазақстан облысының өкілі Азамат Өтеғалиев топ жарды. Қостанайлық Павел Гнусарев екінші орынды иеленсе, павлодарлық Денис Махнев үздік үштікті қорытындылады.

Блицтен өткен бәсекеде қарағандылық Рустам Хуснутдиновке тең келер ешкім табылмады. Алматылық Аян Ахметов күміс медальді еншілесе, Денис Махнев тағы да қола жүлдені қанағат тұтты.

Блицтен өткен командалық сайыста құрамында Денис Махнев, Константин Казаков, Темірлан Бектұров және Кристина Ким сынды шеберлері бар Павлодар облысы бас жүлдені олжаласа, Нұр-Сұлтан (Алдияр Аңсат, Нұрлан Ыбыраев, Аян Ахметов, Мейіржан Қаратайқызы) мен Алматы (Иван Мезенцев, Бақтияр Асқаров, Ален Рақымжан, Ксения Балабаева) қалалары екінші және үшінші сатыларға жайғасты.