Қазақстан • 30 Қазан, 2019

«Айка» фильмі Барселонадағы VII кинофестивальде көрсетіледі

205 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Айка» фильмі 2019 жылғы 30 қазан мен 10 қараша аралығында Барселонада өтетін Азиялық киноның беделді испан кинофестивалін ашады. Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады. 

«Айка» фильмі Барселонадағы VII кинофестивальде көрсетіледі

Іс-шараның ашылуына фильмнің басты кейіпкері Самал Еслямова қатысады. VII кинофестиваль аясында әлемнің 25 елінен 131 фильм және 25 қысқа метражды фильм ұсынылады.

Сондай-ақ Барселонадағы Casa Asia (Азия Үйі) мен ҚР Консулдығының қолдауымен фестивальға 5 қазақстандық картина қатысады: Жаңабек Жетіруовтың «Шыңырау», Алдияр Байрақимовтың «Грани», Төлеген Байтукеновтың «Саташ», Қуат Ахметовтың «Аруақ», Әзиз Заиров пен Мұхамед Мамырбеков «Қыз және теңіз» атты көрсетілімдері ұсынылатын болады.

Кинофестиваль ұйымдастырушыларының айтуынша, картиналардың басым көпшілігі (100-ден астам) - қарапайым адамдардың күнделікті өмірін, әлеуметтік қақтығыстар мен проблемаларды көрсететін драмадан триллерге дейінгі киноның түрлі жанрларындағы 2018 және 2019 жылдардағы көркем фильмдер.