Қырғыз-қазақстандық СІМаралық консультацияларға қатысу мақсатында жұмыс сапарымен келген Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Марат Сыздықов Қырғыз Республикасының Сыртқы істер министрі Чыңгыз Айдарбековпен кездесті.
Кездесу кезінде тараптар Қазақстанның Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың алдағы Қырғызстанға мемлекеттік сапарын дайындау барысы, сондай-ақ екіжақты ынтымақтастықтың өзекті мәселелері бойынша пікір алмасып, одан арғы іс-қимыл перспективаларын талқылады.