Спорт • 30 Қазан, 2019

Будапеште әйелдер күресінен бәсекелер өтуде

183 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Венгрияның астанасында өтіп жатқан 23 жасқа дейінгі балуандар арасындағы (U-23) әлем біріншілігінің екінші жарыс күні боз кілемге бұрымдылар шықты.

Будапеште әйелдер күресінен бәсекелер өтуде

Бүгін әйелдер күресінен бәсекелер бес салмақ дәрежесі бойынша өтуде. Қазақстанның туы астында Светлана Анкичева (50 кило), Марина Седнева (55 кило), Дариға Әбен (59 кило), Әлбина Қайыргелдинова (68 кило) және Александра Зайцева (76 кило) өнер көрсетуде.

Өкінішке қарай, Светлана Анкичева алғашқы айналымда ресейлік Надежда Соколовадан 0:11 есебімен ойсырай ұтылды. Белдесу барысында жерлесіміздің ауыр жарақат алғаны жайында да айта кетуге тиіспіз. Александра Зайцева да жарытып күресе алмады. Тұсаукесер кездесуінде ол канадалық  Грэйслин Дуганға 4:7 есебімен есе жіберді. Әзірге тек Марина Седнева сәтті өнер көрсетуде. Гвинеялық Кумба Сауға сан соқтырған отандасымыз ширек финалға шықты. Енді ол Польша спортшысымен сайысқа түседі.

Ал осы жарыстағы қос қандасымыз – Дариға Әбен мен Әлбина Қайыргелдинова әлі боз кілемге шыққан жоқ.