Парламент • 30 Қазан, 2019

Сенат журналистерге арналған байқау жариялады

297 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстан Республикасы Парламентінің жоғарғы палатасы биылғы жылғы 1 қарашада Сенат материалдары бойынша ең үздік журналистік зерттеу бойынша және экология тақырыбындағы журналистік байқаудың басталатыны туралы хабарлады.

Сенат журналистерге арналған байқау жариялады

«Сенат Төрағасы Дариға Назарбаева осы жылдың маусым айында бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерінің күніне арналған шарада байқаулар өткізу туралы бастама көтерген болатын. Конкурстың мақсаты – журналист мамандығының беделін көтеру, «журналистік зерттеу» жанрын дамыту, экология саласындағы заңнаманы жетілдіру, журналистерді қолдау болып отыр. Байқауға журналистер, республикалық және аймақтық телеарналар мен газеттердің, интернет-басылымдардың және радионың штаттағы және штаттан тыс қызметкерлері, блогерлер қатыса алады», делінген хабарламада. 

Жеңімпаздарға бағалы сыйлықтар мен құрмет грамоталары беріледі. Журналистік шығармаларды байқауларға жолдай беруге болады. Қосымша ақпаратты Парламент Сенатының сайтында және палатаның әлеуметтік желілердегі ресми аккаунттарынан алуға болады.

 

Соңғы жаңалықтар