Спорт • 30 Қазан, 2019

Күрес: Марина Седнева жартылай финалға шықты

350 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Венгрияның астанасында әйелдер арасында өтіп жатқан 23 жасқа дейінгі балуандар арасындағы (U-23) әлем біріншілігінде Марина Седнева сәтті өнер көрсетуде.

Күрес: Марина Седнева жартылай финалға шықты

55 кило салмақ дәрежесінде сынға түскен жерлесіміздің тұсаукесер кездесудегі қарсыласы – гвинеялық Кумба Сау боз кілемге шығудан бас тартса, ширек финалда ол польшалық Алиша Чижовичтің (11:0) тас-талқынан шығарды.

Өкінішке қарай, өзге қыздарымыз сәтсіздікке ұшырады. Біз осыған дейін Светлана Анкичева (50 кило) мен Александра Зайцеваның (76 кило) бастапқы бәсекелерде ұтылғаны жайында жазғанбыз. Одан кейін жарыс жолына шыққан Дариға Әбен (59 кило) мен Әлбина Қайыргелдинова (68 кило) да жеңіліс тапты. Дариға ресейлік Алена Сагадиеваға (2:7) жол берсе, Әлбина жапониялық Масака Фуручиге (0:10) есе жіберді.

Енді олардың жарысты жалғастыруы қарсыластарына байланысты. Егер Ресей мен Жапонияның өкілдері финалға шықса, онда біздің қыздарға да мүмкіндік туындайды.