Көркемсурет музейінде қылқалам шебері Қабдыл-Ғалым Қаржасовтың туғанына 65 жыл толуына орай көрме өтті. Қызылды-жасыл бояуы қанық түстерге толы туындыларынан автордың қоңыр дауысы естіліп, дара тұлғалы келбеті елестеп, өзі салған бейнелер арқылы тіл қатқандай болады.

Суретшінің суреттеріндегі қою бояулар ойлы. Кескіндемелері қызылды-жасылды түрге енгенімен, әлдебір тұстан қоңырқай, қызғылтым түстерді көріп, мұңайып та қаласыз. Қолтаңбасынан батыстық сурет өнерінің іздері көрініс бергенімен, суретшінің ішкі үні өткен ғасырлар тереңіне үңілтеді. Музей қызметкері де келушілерге суретшінің сурет өнерінің қолданбалы еуропалық ағымынан гөрі көне шығыстық, түркілік сарынмен үндестік табатынын айтып таныстыруда.
Бұл сурет салуда әдіс-тәсілдері жағынан еуропалық имперессионистік бағытты игерген суретшінің тақырыптары халқының салт-дәстүрлері, дала әуендері, көне тарих беттеріне арналғанын көрсетеді. Бірыңғай қазақы тірлік болмысын суреттеген Ғалым Қаржасовтың «Аужар», «Кербез», «Көш», «Төр», «Шашу»,«Сенім», «Көне» деген қалың бояу тұнған туындыларынан көре аласыз. «Іңір»,«Әсем әуен», «Ошақ басында» туындылары ауыл, балалық шақты көз алдыңа әкеліп, сол ауылдағы әже-апаларыңмен табыстырғандай болады. Ал «Сарын», «Күй», «Толғау» суреттері халық әндерінің әуендерімен дүниеге келгенін байқау қиын емес.
Бірге оқыған досы, жазушы Ғалымбек Жұматов болашақ суретші ағамыздың мектеп бітірген соң, ауылында қалып мал баққанын, әскер қатарында жүріп жүргізуші мамандығын үйреніп келгенін айтып еске алды.
– Сонау мектепте оқып жүргенде салған туған ауыл, өскен орта жайлы суреттері есейген Ғалымның ойында кескінделіп, бояуы қоюланып, буырқанған шабытпен қайта оралды, – дейді Ғалымбек ағамыз.
Біз айтып отырған суретші Қабдыл-Ғалым ағамыз Ертіс өзенінің жағасындағы Үлгілі ауылында дүниеге келіпті. Ауылдың қарапайым қазақы тірлігі, сылдырап аққан өзен, сұлу табиғат, балалық балдәурен шақ, бәрі де көз алдында түрлі-түсті суретке айналып қағаз беттеріне түсіп жатты.
Үлгілі – атақты әнші, композитор, халық ақыны Иса Байзақов туған ауыл. Бала көңілі сурет салуға асық жас талапкер Үлгілінің орта мектебінде оқып, кейін аудан орталығы Ертісте жалғастырады. Ал болашақ суретшінің сурет өнеріне келуіне жолын ашқан суретші ағасы Қабылшәріп екен. Балалық әуесқойлықпен сурет салып жүрген қызығушылығына ағасының кескін-сызбалары ой салып, Ғалым ағамыз арман қуып қалаға келеді.
Ол бар ғұмырын 1976 жылы Алматыдағы Н.Гоголь атындағы сурет училищесіне түскен кезінен бастап сурет әлеміне арнады. Кішкентай күнінен көз алдында тұнып тұрған бояулар есейген ойына маза бермей кенеп бетіне түскен әрбір сызықпен, әрбір кескінмен үндестік таба бастады. Суретшінің қолындағы қылқаламы кескіндермен әрленіп, әр нүкте философиясы бейнелік дүниеге айналды.
Өнер зерттеушілері ғалым ағамыз салып кеткен суреттерден батыстың сурет өнерінің бағыттарын, тіпті Поль Гогенмен үндес философиялық ой өлшем, биік кәсіби талғамын көре білді.
Ғалым Қаржасов 1997 жылы Президенті стипендиясының иегері атанып, 2001 жылы «Құрмет» орденімен марапатталды. 1997 жылы Қазақстан Суретшілер одағының мүшесі, Көркемөнер академиясының академигі деген атаққа ие болды. Бұл күндері туындылары Ә.Қастеев атындағы Мемлекеттік өнер музейінде, Семей, Қарағанды, Атырау көркемсурет музейлерінің қорларында, Алматыдағы «АRК», «Тенгри Ұмай», «Ұлар» галереяларында, Ресей, Франция, Канада, Англия, АҚШ, Германия елдерінің жеке жинақтарында сақтаулы.
– Қамалдай болған тұлғасын, мейірімді мінезін сағынасың. Жақсы, шын дос еді. Шабыты келген кезде шыңға қонған бүркіттей тұғын. Ол өз ойымен жалғыз еді. Сол ойымен өмірді өрнектеп кетті. Бар дүниеге ғашық жан еді, – деп еске алады ақын, актер Секербек Жабықбаев. Тіпті бір өлеңінде:
Қауғадай болған сақалың,
Қазақтың туы секілді.
Ағзаң бір толып әуенге,
Өлеңіне құлақ түресің.
Суретке толы ғаламның, – деп досына Секербек ағамыз «Қазақтың қара баласы» деген өлеңін арнаған. Секербек ағамыз айтқандай, Ғалым ағамыз ұлтын, қазағын сүйген нар тұлға. Суреттеріне де осы бір ұлы патриоттық сезімді түсірді.
– Қабдыл-Ғалымның «Жұмбақ адам», «Күздің бір күндері бар», «Кездесу», «Айым», «Сәукеле», «Аужар» картиналарының бояулары үнсіз құпиялы дірілімен жаныңды оятып, селт еткізеді. Қызғылт, сары бояулар қоңыр, қызыл түстер араласып «Самғау» картинасында, «Үлгілі. Аула» суретінде де көрініс беріп қалады. Адамдардың бір-бірін түсінбейтін кездері секілді, сурет бетіндегі түстердің де өзара қарама-қарсылыққа түскенін көріп ойға қаласыз.
Суретшінің ерекше еңбектерін бірі ретінде «Барып қайт...» картинасын айтуға болады. Қызыл кешті жамылып аулада отырған екі апаға ұзақ қарап тұрған кезде алыста қалған бұйығы ауыл көз алдыңа келеді. Өзің туып-өскен ыстық ұяңа көптен бармай кеткенің жаныңа батқандай жүрегіңді бейдауда мұң торлағанын бейсана сезінесің... Осындай кезде Ғалымбек әріптесіміздің «Қабдыл-Ғалымның әлемі – сурет шеберханасында. Ол сол жердегі бірі төмен, бірі жоғары ілінген картиналардың арасында өмір сүрді деуге болады. Суретшінің жұмыс кезі оның шабытпен жарысқан бақытты сәттері ғой» деген сөзіне қосыласың.
Шығармашылық адамы үшін ой да, жазу да, шабыт та, кенеп те, бояу да, уақыт та қат. Ғалым ағаны да тағдыр өмірін сурет әлемінен іздеуге, сол әлеммен жарасып тұруға жазыпты. Өмір мен өлім арасындағы көпірдің тар соқпағын тағдырдың жазуы деп жатады қазақ. Ғалым ағамыз да осы жазудың жақын қалғанын сезгендей ме, «Аян», «Сенім», «Мінәжат» картиналарын жазып, тірліктегі таусылмас қалың ойларымен бөлісіп кеткендей болды.
Музей ішінде суретшіні еске алуға арналған «Мәңгілік сурет әлемі» көрмесін аралап жүріп, біз де Ғалым ағаны сағынып еске алдық. Көрмеге ұсынылған картиналарына қарап бір сәтте ғайып болған тұма тағдырды іздейсің.
Шеберханасына кім барса да:
– Менің әлемім осы, – дейтін еді сурет толы аядай бөлмесін көрсетіп, жан-жағына шабыттана қарап. Өкінетініміз, жұмыстың көптігін, уақыттың жоқтығын айтып сол шеберханаға жиі бара алмай қалушы едік.
Енді міне, қазір Қаржасов әлемі шеберханадан шығып, биіктіктегі өзіндік бір кеңістікке айналғандай. Сағым бояулар, көк жүзінде қалықтаған бұлттармен бірге көшіп жүргендей...
ПАВЛОДАР
Суретте: марқұм Ғалым Қаржасов және оның картиналары


Руслан Бекетаев жаңа қызметке тағайындалды
Тағайындау • Бүгін, 16:52
Елордада ағаштар мен бұталарды қояндардан қорғау жұмысы жүріп жатыр
Аймақтар • Бүгін, 16:49
«Ashyq» қосымшасын 27 алматылық кәсіпкер сынақтан өткізуде
Аймақтар • Бүгін, 16:46
Елімізідің көлік сақшылары полицей әйелдерді төл мерекеcімен құттықтады
Қазақстан • Бүгін, 16:46
Гүлшара Әбдіқалықова аяулы аналарды мерекесімен құттықтады
Аймақтар • Бүгін, 16:34
Қазақстанда тағы бір мереке пайда болады
Қазақстан • Бүгін, 16:22
ШҚО тұрғыны 230 келіден астам маралдың мүйізін ұрлаған
Аймақтар • Бүгін, 16:20
Grand Slam: Елдос Сметов финалға шықты
Спорт • Бүгін, 16:15
Қарағандыда жол апатынан 3 адам қайтыс болды
Аймақтар • Бүгін, 16:10
Алматыда өзін Антикор қызметкері ретінде таныстырған алаяқ сотталды
Аймақтар • Бүгін, 16:07
Елордадағы Алматы ауданының тұрғын алаптары үшін мобильді пошта жұмыс істейді
Қоғам • Бүгін, 16:03
Мұрат Әйтенов ерекше бала тәрбиелеп отырған ана мен ардагерлерді құттықтады
Аймақтар • Бүгін, 16:00
Спорт • Бүгін, 15:59
Қорғаныс министрі аяулы аруларды 8 наурыз мерекесімен құттықтады
Қоғам • Бүгін, 15:57
Үкімет басшысы Инвестициялық штабтың отырысын өткізді
Үкімет • Бүгін, 15:56
Биыл Нұр-Сұлтанда 10 мың жеңілдетілген пәтер салынады
Елорда • Бүгін, 15:00
Аймақтар • Бүгін, 14:50
Шымкентте тозығы жеткен үйлер сүріледі
Аймақтар • Бүгін, 14:40
Атырауда 563 мың тұрғын сақтандырылды
Аймақтар • Бүгін, 14:28
Роман Скляр мұнай өнімдерін тауарлық биржа арқылы сату туралы айтты
Үкімет • Бүгін, 14:11
Ақтауда ұтыс ойынын ұйымдастырған блогер жазалана ма
Аймақтар • Бүгін, 13:51
Экономика • Бүгін, 13:31
Ілияс музейі отыз жетінші көктемін қарсы алды
Аймақтар • Бүгін, 13:06
Атырауда демеушілер 700 отбасы азық-түлікпен қамтиды
Аймақтар • Бүгін, 12:55
Ауылдарда тұрғын үй салына бастайды
Қазақстан • Бүгін, 12:51
Металлургия саласындағы өндіріс көлемі 3,1% - ға өсті
Экономика • Бүгін, 12:47
Қасым-Жомарт Тоқаев Түркия Президентіне көңіл айту жеделхатын жолдады
Президент • Бүгін, 12:40
Елорданың бизнес өкілдері «Ashyq» қосымшасының артықшылықтарын атап өтті
Елорда • Бүгін, 12:36
Шетелден ПТР анықтамасыз келетіндер көбейді
Қазақстан • Бүгін, 12:30
Демалыс күндері ауа райы қандай болады
Қазақстан • Бүгін, 12:27
Павлодарда үш көлік соқтығысып, 7 адам зардап шекті
Аймақтар • Бүгін, 12:25
«Барыс Арена»: Енді хоккейді жанкүйерлері залдан тамашалайды
Қазақстан • Бүгін, 12:20
Қай қан тобындағы адамдар коронавирус жұқтыруға бейім?
Әлем • Бүгін, 11:52
Аймақтар • Бүгін, 11:38
Бақытжан Сағынтаев Алматының сел жүруі мүмкін қауіпті аймақтарын аралады
Қоғам • Бүгін, 11:38
Елдегі азық-түлік қауіпсіздігінің деңгейі қандай?
Қазақстан • Бүгін, 11:34
Emirates жолаушыларына қосымша орын сатып алуға рұқсат етілді
Әлем • Бүгін, 11:33
Қазақстан сәуір айында мұнай өндірісін арттырады
Экономика • Бүгін, 11:30
Баскетболдан Қазақстан ерлер командасы әлемдік рейтингте жоғарылады
Спорт • Бүгін, 11:28
Қоғамдық тамақтану орындарының жұмысы қашан қалыпқа түседі?
Қоғам • Бүгін, 11:25
Мигранттар үшін ең тартымды ел қайсы?
Қазақстан • Бүгін, 11:19
Туберкулездің таралуы төмендеген
Аймақтар • Бүгін, 11:18
Әлем • Бүгін, 11:17
Солтүстік Қазақстанда республикалық маңызы бар автожолдар жабылды
Аймақтар • Бүгін, 11:16
Шымкентте із-түссіз жоғалып кеткен оқушы қыз аман-есен табылды
Аймақтар • Бүгін, 11:16
Қазақстанда әйелдер кәсіпкерлігін дамытатын 17 орталық ашылады
Қоғам • Бүгін, 11:11
Қазақстан интернеті ең арзан елдердің ондығында тұр
Қазақстан • Бүгін, 10:54
Президент: Әлихан бастаған қазақ зиялылары мемлекетшілдіктің озық үлгісін көрсетті
Президент • Бүгін, 10:51
Тірі туысын «жерлемекші» болған алаяқ ұсталды
Аймақтар • Бүгін, 10:48
Нұрлан Ноғаев ОПЕК+ келісімі аясындағы қадамдар туралы айтты
Қоғам • Бүгін, 10:46
Шығысқазақстандықтарға жаңа Экологиялық кодекстің негізгі ережелері түсіндірілді
Аймақтар • Бүгін, 10:39
Қазақстан елшісі Аустрияның Федералдық Президентіне сенім грамоталарын тапсырды
Саясат • Бүгін, 10:29
Нұр-Сұлтанда 2021 жылы тақырыптық саябақтар пайда болады
Аймақтар • Бүгін, 10:26
Василий Левит Испаниядағы турнирдің жартылай финалына шықты
Спорт • Бүгін, 10:23
2020 жылы Қазақстанда 48 ірі сүт фермасы іске қосылды
Қазақстан • Бүгін, 10:20
Түркістаннан ұшатын алғашқы халықаралық рейстерге билет сатыла бастады
Аймақтар • Бүгін, 10:06
Мемлекеттік комиссия кәсіпкерлерді қолдау бойынша шұғыл шаралар топтамасын мақұлдады
Үкімет • Бүгін, 10:04
Экономика • Бүгін, 10:01
Ақпан айында ЭЕБ-дағы бос орындар саны 5,3 мыңға өсті
Қоғам • Бүгін, 09:56
Жаяуларды сыйламайтындар енді оңай жазаланады
Аймақтар • Бүгін, 09:52
Римдегі жарыстың алғашқы күні жеті жүлде алдық
Спорт • Бүгін, 09:50
Еліміздің 7 өңірінде көлік қозғалысына шектеу қойылды
Ауа райы • Бүгін, 09:43
Түркияда тікұшақ апатынан қаза тапқандар саны 11-ге жетті
Әлем • Бүгін, 09:40
Елордада оқушылар мен студенттер қашықтан оқиды
Білім • Бүгін, 09:25
Аймақтар • Бүгін, 09:23
Қазақстанда тағы 840 адам коронавирустан жазылып шықты
Коронавирус • Бүгін, 09:20
Бір тәулікте пневмонияның 44 жағдайы тіркелді
Қазақстан • Бүгін, 09:15
Мемлекеттік қолдау - кәсіпорындардың дамуына жол ашады
Аймақтар • Бүгін, 09:12
Өткен тәулікте қанша адам вирус жұқтырғаны белгілі болды
Коронавирус • Бүгін, 09:00
Руханият • Бүгін, 08:39
Ұқсас жаңалықтар