Түлкібас ауданының Майтөбе ауылында профессор, филология ғылымдарының докторы, абайтанушы, бауыржантанушы ғалым Мекемтас Мырзахметұлына жерлестері үй сыйлады. Бар өмірін ғылымға сарп етіп, көз майын тауысып жүрген ғалымға тарту етілген баспананың салынуына аудан әкімі бастамашыл болған.

Осы орайда айта кетелік, Түлкібас ауданының әкімі Нұрбол Тұрашбековті жұрт руханиятқа жанашыр, жаңашыл басшы ретінде де құрметтейді. Шағын және орта кәсіпкерлік дамып, тұрғындардың әлеуметтік жағдайы жақсара түскен Түлкібаста соңғы жылдары ақын-жазушы, ғалымдар, журналистерге түрлі бағытта көптеп қолдау көрсетіліп келеді. Мекемтас Мырзахметұлына жаңа да зәулім үйдің кілтін табыстау рәсімінде аудан әкімі: «Біраздан бері бізде Мекемтас ағамызға туып-өскен жерінен баспана соғып берсек деген ниет болды. Осы баспанада ағамыз шығармашылықпен емін-еркін айналысса деген мақсаттағы ниетіміз іске асып, бүгін қуанышты бөліспекпіз. Бұл үй ағамызға аудан халқының атынан беріліп отыр», - дей келе үйді салуға үлес қосқан демеушілерге алғысын білдірді. Ал облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Жеңісбек Мәуленқұлов Мекемтас Мырзахметұлының өткен өмірі мен шығармашылық жолына көз жүгіртіп, қазақ ғылымының дамуына қосқан үлесі шексіз екенін жеткізді. Өз кезегінде Мекемтас аға жерлестеріне алғысын білдіріп, сол жерлестерін игі іске жұмылдыра білген аудан әкімі Нұрбол Тұрашбековтің жұмысына сәттілік тіледі.
Сондай-ақ бұл күні аудандық «Шамшырақ» қоғамдық-саяси газетінің редакциясында Түлкібас өңіріне есімі танымал ақын Әбдібек Аралбайұлы мен ұзақ жылдар бойы аудандық газеттің отымен кіріп, күлімен шыққан журналист Орынтай Көмековтің кітаптарының тұсаукесері өтті. «Ізде мені» кітабында арқалы ақын Әбдібек Аралбайұлының соңғы жылдары жазған өлеңдері топтастырылған. Ал, «Енді гүлге жоламаспын» - Орынтай Көмековтің алғашқы кітабы. Қалың кітапта журналистің осы уақытқа дейін әзіл-сықақ, тылсым дүние тақырыптарында жазған дүниелері топтастырылған. Тұсаукесер рәсімінде Мекемтас Мырзахметұлы басылып шығуына аудан әкімі ықпал еткен кітап иелеріне шығармашылық табыс тіледі.
Тұрғын үй саясатының тың тәсілдері
Үкімет • Кеше
Қоғам • Кеше
«Заңдардың орындалуы» ұғымын енгізу қажет
Үкімет • Кеше
Елорда • Кеше
Шаңырақ шаттығын сыйлаған мекен
Елорда • Кеше
Елорда • Кеше
Елорда • Кеше
Мамандық таңдау – болашақты таңдау
Білім • Кеше
Интернет дүкендерден абай болған жөн
Қоғам • Кеше
Ерекше балаларға көмектесетін мамандар көбейді
Қоғам • Кеше
Ахмет Байтұрсынұлы • Кеше
Қазақстан • Кеше
Сұхбат • Кеше
Ескерткіштер – елдің өткені де, ертеңі де
Тарих • Кеше
Бозарған түн. Боз үміт. Балауса таң
Өнер • Кеше
Өнер • Кеше
Спорт • Кеше
Спорт • Кеше
Бұл істі де еңсеретінімізге сенімдімін
Пікір • Кеше
Қоғам • Кеше
«Барыс» жаңа ойыншымен толықты
Хоккей • Кеше
Елімізде коронавируспен ауырғандар саны 3 есеге өсті
Коронавирус • Кеше
Ақтаудағы «Домбыра-дастан» акциясы
Аймақтар • Кеше
Тақсай ханшайымы енді Түркістанда тұрады
Тарих • Кеше
Жаңа Зеландияда омикрон штаммының жаңа түрі таралып жатыр
Коронавирус • Кеше
Елордада мал сою орындары белгіленді
Елорда • Кеше
ШҚО-да заңсыз қару сақтаған тұрғын анықталды
Аймақтар • Кеше
Павлодарда заңсыз жұмыс істеген шетел азаматтары ұсталды
Аймақтар • Кеше
Қаржы • Кеше
ТЖД-ның лауазымды қызметкері пара алу бойынша күдікке ілінді
ANTIKOR • Кеше
ҚТЖ жұмысшыларының жалақысы 41 пайызға өсті
Қоғам • Кеше
Алматыда жас суретшілерге арналған жаңа арт-кеңістік ашылды
Аймақтар • Кеше
БҚО-да Астана күні атап өтіледі
Елорда • Кеше
Ұқсас жаңалықтар