Сондай-ақ бүгінгі таңда жол ережесін өрескел бұзушылардан әкімшілік айыппұлдарды өндіру өзекті мәселенің біріне айналды, осы мақсатта олардың автокөліктерін «айып тұраққа» жабу тиімді тәсіл болып табылады. Осыған байланысты, Жол қозғалысы ережесін өрескел бұзушылықтар жиі орын алатын Ақтау және Жаңаөзен қалаларында ақылы айып тұрақ ашуды ұсынды.
Облыс бойынша барлығы 108 мың әкімшілік құқық бұзушылық анықталып, оларға 624 млн 783 мың теңге айыппұл салынды, мемлекет кірісіне 472 млн 287 мың теңге өндірілді.
9 айда полицияның кешенді күштерімен анықталған әкімшілік құқықбұзушылықтардың нәтижесінде облыс бюджетіне 1,3 млрд теңге өндірілген.