01 Қараша, 2019

Өңделген тауарларды ілгерілету бойынша шығындарды өтеуге қатысты хабарландыру

155 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

«QazIndustry» Қазақстандық индустрия және экспорт орталығы» АҚ Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 қарашадағы № 1128 бұйрығымен бекітілген отандық өңделген тауарларды ілгерілету бойынша индустриялық-инновациялық қызмет шығындарының бір бөлігін өтеу Ережелеріне сәйкес (бұдан әрі - Ереже) мемлекеттік қолдау шараларының операторы ретінде келесіні хабарлайды:

  • ҚР Сауда және интеграция министрінің 2019 жылғы 16 қазандағы №67 бұйрығымен жоғарыда көрсетілген Ережеге өзгерістер мен толықтырулар енгізілді.
  • ҚР Сауда және интеграция министрлігінің тапсырмасына сәйкес ағымдағы жылға өтінімдерді қабылдауды аяқтау мерзімі 2019 жылдың 1 қарашасынан бастап 1 желтоқсанына дейін ұзартылды және жоғарыда көрсетілген өзгерістерді ескере отырып жүргізіледі.

Өтінімдерді қабылдау мына мекен-жай бойынша жүзеге асырылады: Нұр-Сұлтан қ., Қабанбай батыр даңғылы 17, (блок Е, 5-қабат, каб.502 (кеңсе) немесе www.export.gov.kz web-порталы арқылы, анықтама үшін телефон: 8 (7172) 98-37-87 (ішкі: 444).

Жоғарыда көрсетілген түзетулермен мемлекеттік қолдау шараларына жататын шығындарды растау үшін құжаттар тізбесі айтарлықтай өзгертілді.

Ереженің 4-тармағына сәйкес қолдау шараларын алу үшін мынадай құжаттарды ұсыну қажет: өтінім, тауардың шығу тегін растайтын құжаттар, тапсырыс берілетін жұмыстар мен қызметтерге арналған шарттардың көшірмелері, төлем құжаттарының және орындалған жұмыстар актілерінің көшірмелері.

Сонымен қатар, шығындар түріне байланысты шығыстарды растау үшін Ереженің 13-тармағына сәйкес құжаттарды қосымша ұсыну қажет.

Ереженің 4-тармағының 1-6-тармақшаларына сәйкес шығындар бойынша Ережеге жоғарыда аталған өзгерістерді ескере отырып, өтінім беру күніне дейін 32 айдан ерте емес шеккен шығыстар өтелуге жатады.

Ереженің 4-тармағының 7-тармақшаларына сәйкес шығындар бойынша 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап Ережеге жоғарыда аталған өзгерістерді ескере отырып, өтінім беру күніне дейін, бірақ ағымдағы жылға өтінімдерді қабылдауды аяқтау мерзімінен кешіктірмей шеккен шығыстар өтелуге жатады.

Мемлекеттік қолдау шараларын алу тәртібі бойынша егжей-тегжейлі ақпарат, Ережеге сәйкес отандық өңделген тауарларды ілгерілету бойынша құжаттардың толық тізбесі www.export.gov.kz web-порталында және корпоративтік www.kidi.gov.kz сайтында бар.