Спорт • 01 Қараша, 2019

Күрес: Қос қазақ қызы қола медаль үшін таласады

333 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Будапеште әйелдер арасында өтіп жатқан 23 жасқа дейінгі балуандар арасындағы (U-23) әлем біріншілігінде қазақтың қос қызы бүгін қола медаль үшін таласады.

Күрес: Қос қазақ қызы қола медаль үшін таласады

Бұған дейін біз жартылай финалда кубалық Марин Портельеге есе жіберген 74 кило салмақтағы Жамиля Бақбергенованың үшінші орын үшін белдесетіні жайында жазған едік. Іле-шала Мажарстаннан тағы бір қуанышты хабар жетті. 57 кило салмақтағы Алтынай Сатылған жұбаныш бәсекесінде моңғолиялық Хонгорзул Болдсайханды аса шиеленісті сайыста 3:2 есебімен ұтты. Енді ол қола жүлде үшін таласады. Оның  қарсыласы – канадалық Ханна Тэйлор.  

Ал әйелдер күресінен өткен жарыстың алғашқы күні мына спортшылар жеңіс тұғырына көтерілді:

50 кило: 1. Кика Кагата (Жапония), 2. Зики Фенг (Қытай). 3. Надежда Соколова (Ресей) мен Джейд Мари Дюфур (Канада).

55 кило: 1. Ланнуан Люо (Қытай), 2. Саки Игараши (Жапония), 3. Андреа Беатрис Ана (Румыния) мен Марина Седнева (Қазақстан).

59 кило: 1. Юмека Танабе (Жапония). 2. Анастасия Ничита (Молдова). 3. Тианна Грейс Кеннет (Канада) пен Ангелина Лысяк (Украина).

68 кило: 1. Масако Фуруичи (Жапония). 2. Майси Эллен Килти (АҚШ). 3. Наталия Ивона Стрзалка (Польша) мен Ийнгинг Ванг (Қытай).

76 кило: 1. Палиха Палиха (Қытай). 2. Юка Кагами (Жапония). 3. Уи Чанг (Тайпей) мен Айпері Медетқызы (Қырғызстан).

Бүгін әйелдер күресінен тағы бес салмақ дәрежесі бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлер анықталады. Сонымен қатар, грек-рим күресі шеберлері өз бәсекелерін бастайды.