Қоғам • 01 Қараша, 2019

Қаржы министрлігінің цифрлық жаңашылдықтар жоспары туралы айтылды

161 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

ҚР қаржы вице-министрі Руслан Еңсебаев Үкіметте өткен баспасөз конференциясында салық төленген кезінде белгілі бір пайызын салық төлеушіге қайтаруды көздейтін, төлем карталарын немесе фискалдық чектер алумен қолма-қол ақшаны пайдалануға ынталандыратын механизм әзірленіп жатқандығы туралы айтып берді. Бұл туралы primeminister.kz хабарлады. 

Қаржы министрлігінің цифрлық жаңашылдықтар жоспары туралы айтылды

Р. Еңсебаев салықтық бонустар төлеушілерге міндетті түрде чек алуға жақсы мотивация болатынын атап өтті.

«0,5% – салық бонусы. Біз бұл мәселе бойынша әлі жұмыс істеп жатырмыз. Әлемдік тәжірибе көрсеткендей, бұл тиімді механизм. Біз қазір жоспарлап отырмыз, келесі жылы біз оны пилоттық жоба ретінде орындаймыз және мүмкін болса 2021 жылдан бастап бұл шешімді ауқымды түрде қолданамыз», — деді вице-министр.

Оның айтуынша, салықтық бонус халықты төлем карталары арқылы немесе фискалды чектер алумен қолма-қол ақшамен төлеуге ынталандыруға жол ашады, осылайша, салық органдары кәсіпкерлер мен компаниялардың барлық айналымын көре алатын болады.

«Бұл экожүйенің екіжақты болуының маңызы өте зор, тұрғындарды ынталандыру үшін чектерді беруді талап етумен шектелмеуі тиіс. Өйткені салық инспекторларының өздері осы ауқымды салық процесін әкімшілендіре алмайды, сондықтан адамдар сатушылардан чектерді талап етуге мүдделі болады. Чекте сатып алу бағасы туралы барлық ақпарат қамтылады. Біз қазір бұл құнның қанша бөлігі жеке кабинетке, салық әмиянына түсетінін пысықтап жатырмыз, біз мұны әзірлеудеміз, сіздер сатып алушы ретінде де, азаматтар ретінде де салықты немесе басқа да төлемдер мен айыппұлдарды төлеу есебіне пайдалануға болатын өзіңізге белгілі бір соманың қалай түсіп жатқанын көретін боласыздар», — деп түсіндірді ол. 

Р. Еңсебаев атап өткендей, бұл процесс автоматты түрде жолға қойылатын болады.

«Біз үнемі адам өзінің салық немесе айыппұл қарызы бар екенін білмей қалды, сондықтан бармады, ал оның есепшоты бұғатталды деп айтамыз. Біз осындай ақпаратты жинақтайтын интеллектуалды жүйені жасап жатырмыз, яғни бағасы сатып алуларға байланысты және айыппұл пайда болса, ол автоматты түрде төленетін болады», — деді вице-министр.

Сонымен қатар, қаржы вице-министрі 0,5% деген мөлшердің алдын ала есептеулер бойынша ғана екенін айтты. Бұл тетікке өзгерістер мен толықтырулар енгізіледі деп күтілуде.

«Біз тағы да түрлі толықтырулар енгізуді көздеп отырмыз. Отандық өндірушілер де осы жүйеге қосылуға түрлі қызығушылықтар танытып отыр. Олар мүмкін, қосымша бонустар беретін болады», — деп қосты Р. Еңсебаев.