Аймақтар • 02 Қараша, 2019

Оралда 88 жеткіншектің ата-анасына әкімшілік іс қозғалды

359 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Батыс Қазақстан облыстық полициясы «Қайыр сұрау» жедел-сауықтыру шарасы кезінде екі күн ішінде Орал қаласында қадағалаусыз кеткен 88 жас баланы анықтап, олардың ата-анасын әкімшілік жауапкершілікке тартты.

 

Оралда 88 жеткіншектің ата-анасына әкімшілік іс қозғалды

Бұл шараның мақсаты – жасөспірімдер арасында болатын қылмыстың алдын алу, сабақтан жалтарып, көшеде қайыр сұраумен айналысып жүрген кәмелетке толмаған балаларды және оларды осы іске тартқан ата-аналарды анықтау болатын. Екі күн ішінде ата-анасының қадағалауынсыз түн мезгілінде көшеде жүрген 88 жасөспірім полицияның қолына түскен. Сөйтіп олардың ата-анасына тиісті әкімшілік жаза қолданылды. 13 отбасы өзінің ата-аналық міндетін дұрыс атқармағаны үшін, тағы 5 азамат көпшілік орындарда жұрттың мазасын алғаны үшін  әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

«Ересектердің қадағалауынсыз кетіп, қаңғыбастыққа салынған 3 жасөспірім балаларға арналған арнайы орталыққа орналастырылды» дейді БҚО Полиция департаменті баспасөз қызметі.

 

Батыс Қазақстан