Аймақтар • 02 Қараша, 2019

Оралда студенттер арасында «ABAIquest» ойыны өтті

316 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойы қарсаңында Махамбет Өтемісұлы атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінде «ABAIquest» ойыны тартысты өтті.

Оралда студенттер арасында «ABAIquest» ойыны өтті

Танымдық ойынды Махамбет университетінің филология факультеті студенттері ұйымдастырған. Сайысқа университет студенттерінен құралған «Болашақ», «Жас қыран», «Жібек», «Комета», «Білгірлер», «Самғау» атты 6 команда қатысты.

- Ойынның мақсаты – Абай өмірі мен шығармашылығын жас ұрпаққа насихаттау, тіл мәдениетін көтеру, талапты, талантты жастарды табу болатын. Ойынға қатысушыларға жол картасы берілді. Осы карта бойынша командалар бірінші бекетте Абай әндерін орындаса, екінші бекетте Абайдың өлеңдерін жатқа оқыды. Үшінші бекетте хәкімнің шығармашылығынан түрлі сұрақ қойылса, төртінші бекетте ақын өмірі мен ол туралы зерттеу еңбектерінен сауалдар берілді. Соңғы, бесінші бекетте ойынға қатысушылар Орал қаласының орталығында орын тепкен Абай ескерткішінің жанында фотосуретке түсті, - дейді осы танымдық ойынды ұйымдастырушылардың бірі, университеттің филология факультетінің 3-курс студенті Аяжан Қуанышева.

Қазылар алқасы сайыста тапқырлық пен жеделдік танытқаны үшін университеттің мәдениет және өнер факультеті студенттерінен құрылған «Жібек» командасына 1 орын жүлдесін табыстады. Екінші орын филология факультетінің «Самғау» командасына, үшінші жүлде жаратылыстану-география факультетінің «Комета» командасына бұйырды. Ойын жеңімпаздары арнайы дипломдармен және естелік сыйлықтармен марапатталды.

 

Батыс Қазақстан