Аймақтар • 04 Қараша, 2019

«Еңбек» өз нәтижесін беруде

178 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Осыдан бір жыл бұрын Үкіметтің Қаулысымен бекітілген «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған «Еңбек» бағдарламасының орындалу барысы Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің отырысында талқыланды.

«Еңбек» өз нәтижесін беруде

Жобаға бір жылда 17,5 мың солтүстікқазақстандық қатысыпты. Соның ішінде 14 мың адам жұмыспен қамтылған. Ал 9 мыңы тұрақты жұмысқа орналастырылған. Қазір кәсіпкерлікке 2 мыңнан аса адам оқып жатыр. Осының нәтижесінде өңірде жеке кәсіпкерлердің үлесі артып, қазір олардың саны 3200 адамға көбейіпті.

Дегенмен, кейбір аудандарда жұмысқа тұрғызу және бағдарламаны орындау қарқыны төмен. Мұның себебі жергілікті жерлердегі жұмыстардың тиімді жүргізіл­меуінде, деп атап өтті облыс әкімі Құмар Ақсақалов.

«Өз өзін қамтамасыз еткендерді азайту, жаңа жұмыс орындарын ашу және бизнесті дамыту – біздің басты мақсаттарымыздың бірі. Биыл жеке кәсіпкерлер көбейді. Олардың саны үш мыңнан артық адамға артқанынан осынша адамның несие алып, өздерінің жеке істерін ашқанын көреміз. Сөйтіп олар өзін-өзі қамтамасыз етушілер қатарынан кетті деген сөз. Осы жұмысты біз үнемі назарда ұстауымыз керек. Өздерінің бизнесін ашуға азаматтарға барлық жағдайды жасауымыз қажет», деді облыс әкімі.

 

Солтүстік Қазақстан облысы