Руханият • 04 Қараша, 2019

Күлкі керуені № 11

4268 реткөрсетілді

Бірде...

Профессор Альберт Швей­цердің әр түрлі саладан үш докторлық атағы болыпты. Бір жиында табақтас болып қалған танысы Швейцерден үш бір­дей докторлық атақты қалай алғанын қыз­ға­нышпен сұраса керек.

– Өй, – депті профессор қолын жайбарақат қана бір сілтеп. – Менің үшінші док­тор­лық атағымды менде одан бұрын екеуі бар болған соң берді. Екін­шісін ғылым докторы болғаным үшін ұсынды. Ал алғашқы атағымды менде ешқандай атақ болмағаннан кейін алдым.

* * *

Заманауи киінуді ұната бермейтін белгілі математик Остроградскийге бірде тігінші жаңа костюм тігіп беріпті. Киюден бас тартқан математикке ол:

 – Мен соңғы сән үлгісінде тіктім. Заманнан қалып қоюға болмайды! – десе керек.

 – Мынадай тар шалбармен заманды қалай қуып жет­пек­пін?! – деп жорта қынжылыпты сонда Остроградский.

* * *

Атақты неміс ақыны Фридрих Шиллер жас кезінде арфада ойнауды жақсы көрген екен. Бірде оған бір танысы:

– Сен арфаны Дәуіт патша секілді тартады екенсің… Тек ол сияқты жақсы дәрежеде емес, – депті.

– Ал сіз, – депті Шиллер мүдірместен, – мәселені Сү­лей­мен патша сияқты талқы­лай­ды екенсіз. Тек ол сияқты кемеңгерлік­пен емес…

* * *

Әртүрлі топ өкілдерімен болған кездесуде пролетариаттық интернационализм тақырыбында сөй­лей келіп атақты ақын Владимир Маяковский:

– Мен өзімді орыстар ортасында орыспын деп сезінемін, ал грузин ортасына тап болсам өзімді грузинмін деп сезінемін, – дейді.

Сол кезде залдан біреу:

– Ал ақымақтар ортасында ше? – деп қалғанда, ақын саспастан:

– Ақымақтар ортасына бірінші рет тап келіппін! – деген екен.

Соңғы жаңалықтар

Тәуелсіздік – тұғырым

Аймақтар • Бүгін, 17:01

Жас отбасылар баспаналы болды

Аймақтар • Бүгін, 16:16

Күлкі керуені № 25

Руханият • Бүгін, 12:49

Іргелі жобалар жүзеге асты

Қоғам • Бүгін, 07:47

Қолдау ғылымға қажет

Қоғам • Бүгін, 07:39

Апта үздігі атанды

Хоккей • Бүгін, 07:35

Ұқсас жаңалықтар