Қоғам • 04 Қараша, 2019

Жұмысшы мамандықтары насихатталды

185 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Зеренді ауданының шағалалы жоғары агротехникалық колледжінде «рухани жаңғыру» бағдарламасы шеңберінде «Жастар агрофорумы 2019: Болашақ – кәсіпқойлар үшін!» тақырыбында өңірдегі колледж білім алушыларының слеті өтті.

Жұмысшы мамандықтары насихатталды

Аталмыш шараға облыстың 10 агротехникалық колледжінде кәсіби-техникалық білім алып жатқан 115 оқушы қатысты. Облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары Валерий Гамазов өз сөзінде мамандар даярлаудың  маңыздылығына тоқталып өтті.

Жастардың шығармашылық жетістіктері «Қазақстанның ауыл шаруашылығы: тәжірибе, инновация, прогресс» көрмесінде кеңінен көрініс тапты. Бір айта кетерлігі, көрме жоғары эстетикалық деңгейде ұйымдастырылған екен. Жастар арасында «Туған жер» байқауы өткізіліп, үміткерлердің шығармашылық шеберліктері сынға түсті.

Негізгі тақырыпқа орай жұмысшы мамандықтарын кеңінен насихаттау мақсатында «Үздік механик» байқауы ұйымдастырылды. Білім алушылар автотрактодромда өзара сайысқа түсті. Бизнес жоспарлары мен ғылыми жобаларын қорғады. Өздері өзекті деп таныған мәселелерді қызу талқылап, тәжірибе алмасты. Агрофорум бүгінгі жастардың аграрлық секторға өз үлестерін қосуға дайын екендіктерін көрсетті.      

Соңғы жаңалықтар