Спорт • 04 Қараша, 2019

Темір жұдырықты Теміртас

389 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Көкшетаулық спорт жанкүйерлері 7-ші жазғы Дүниежүзілік әскери ойындарының жеңімпазы Теміртас Жүсіпов пен ауыр атлетикадан Азия чемпионатының күміс жүлдегері Карина Құзғанбаеваны темір жол бекетінде қарсы алды.

Темір жұдырықты Теміртас

Боксшы Теміртас Жүсіпов Қытайдың Ухань қаласында өткізілген 7-ші жазғы Дүниежүзілік әскери ойындарында 49 келі салмақ дәрежесінде сынға түскен болатын. Темір жұдырықты Теміртас Нигерия, Кения, Колумбия, КХДР және Үндістан боксшыларымен қолғап түйістірген. Сұрапыл қарқынмен өткізілген бес кездесудің бесеуінде де Теміртас барлық қарсыластарын айқын басымдылықпен жеңіп, чемпион атанды. Ал, Карина Құзғанбаева Солтүстік Кореяның астанасы – Пхеньян қаласында өткізілген ауыр атлетикадан Азия чемпионатында күміс жүлдегер атанды. Ол жұлқа көтеруден 96 келі, серпе көтеруден 122 келіні бағындырып, жалпы 218 келі салмақ көтеріп, екінші орынды иеленді.

Жерлестер құшағында ыстық ықыласқа бөленген спортшылар жанкүйерлермен естелік суретке түсіп, өз әсерлерімен бөлісті.