Аймақтар • 04 Қараша, 2019

Түркістан: Көпбалалы отбасыдан шыққан студенттерге атаулы шәкіртақы тағайындалды

411 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Түркістан жоғары медицина колледжінде көпбалалы отбасылардан шыққан студенттерге атаулы стипендия тағайындалды. Үздік оқитын екі студент оқу жылында шәкіртақыдан бөлек 16 мың теңгеден атаулы стипендия алып отыратын болады. Үздіктерді ынталандыру елімізде жарияланған Жастар жылына орай ұйымдастырылып отыр.

Түркістан: Көпбалалы отбасыдан шыққан студенттерге атаулы шәкіртақы тағайындалды

Айта кетелік, медицина колледжінде бүгінгі таңда көпбалалы отбасыдан шыққан 1150, тұл жетім 8 студент оқиды. Мемлекенттік грант негізінде білім алатын жастар  20-22 мың теңге  көлемінде шәкіртақы алады.

Түркістандағыдай атаулы шәкіртақы Жетісай жоғары медицина колледжіндегі студенттерге де  тағайындалып отыр. Ізденімпаз жастарға қолдау көрсетіп отырған Түркістан облыстық  Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы мен Densaulyq Денсаулық сақтау ұйымы жұмыскерлерлінің жергілікті кәсіподағы  бұл игі істі жыл сайын   жалғастырмақ. Мәселен, өткен оқу жылында көпбалалы отбасынан шыққан төрт студентке осындай шәкіртақы бөлініп келген болатын.

Арнаулы стипендия алуға іліккен Түркістан жоғары медицина колледжінің студенті Еркеғали Жақсылық «емдеу ісі» бөлімінің, ал Жандос Бақыт «медбике ісі» бөлімінде 3 курсында білім алуда. Екі студент те оқу орнында үздік оқып қана қоймай, қоғамдық жұмыстарға белсене атсалысып келеді. Сондай-ақ түрлі олимпиадаларға, білім бәсекелерінде үлкен жетістіктерге қол жеткізген. Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы мен кәсіподақ ұйымының басшылығы  тағайындалған шәкіртақы жастардың білімге деген құштарлығын арттырып, оқу жылы барысында түрлі қажеттіліктерін алуға септігін тигізеді деген сенімде.