Бірнеше күннен кейін Ресейдің Омбы қаласында Қазақстан мен Ресей шекаралас өңірлері ынтымақтастығы XVI форумы өтеді. Осы форум қарсаңында Ресеймен шекаралас өңірлердің алыс-берісі жөнінде тақырыпты қаузағанды жөн көрдік.

Сөйтсе, қазақстандық кәсіпкерлер үшін көршілес өңірлер тарапынан кездесетін кедергілер жеткілікті екен. Солтүстік Қазақстан облысының жалпы сыртқы сауда айналымы биылғы қаңтар-тамыз айларында былтырғы жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда 4,3 %-ға артып, 392,6 млн доллар деңгейіне жетіп отыр. Соның ішінде экспорт 141,1 млн долларды құрап, 15,4 %-ға артса, импорт 251,5 млн долларға жетіп, 1%-ға азайды.
Солтүстік Қазақстан Ресейдің Қорған, Түмен және Омбы сияқты үш облысымен шектесіп, сауда-саттық жасайды. Екіжақты сұраныстарды қанағаттандыруда көп жылдан бері жолға қойылған өндіріс пен сауда жүйесі бар. Алайда нарық талабы кейде өзінің қысастықтарын да көрсетіп қалады. Соның мысалына үстіміздегі жылғы «Зенченко и К» кәсіпорнының бастан кешкен шырғалаңын айтуға болады.
Сүт өнімдерін шығару бойынша қазақстандық бренд дәрежесіне жеткен бұл компанияның өнімдері ішкі нарықта да үлкен сұранысқа ие. Сондай-ақ Ресейге де өз өнімдерін шығарады. Бәсекелестікке қабілеттілігі жоғары «Зенченко и К» өнімдері көрші елдің тұтынушыларының сұраныс талабын қанағаттандырып, жергілікті өндірісшілерді шаң қаптырып кетеді.
Зауыт директоры Георгий Целыхтың айтуына қарағанда, кәсіпорын пастерленген сүт пен қаймақтың әрқайсысынан майлылығына қарай үш түрін, айран, ірімшік және ақ май шығарады.
«Қорған қаласының нарығына біз кірген үш жылда олардың жергілікті сүт кәсіпорындарының өндірісі бәсекелестікке төтеп бере алмай, 30 пайызға төмендеді. Халықтың біздің өнімдерімізге сұранысы арта түсті. Биылға дейін біз екі күнде 13 тонна өнім сататынбыз. Бұл жағдай жаңадан келген губернаторға жақпады», дейді ол.
Сөйтіп қазақстандық кәсіпорынның өнімдерін енгізбеудің түрлі сылтаулары табылады. Соның ішіндегі ең бастысы әрине өнім сапасын анықтайтын «Россельхознадзордың» шешімін пайдалану. Бұл ұйымның Қорған қаласында аттестациядан өткен зертханасы жоқ екен, сондықтан олар көршілес Челябі қаласындағы филиалға апарып, қазақстандық сүттен қоздырғыш тапқан-мыс. Ал сол сүттен Петропавл мен Омбы қалаларының зертханалары еш кемшілік таба алмаған. Сөйтіп ресейліктер тарапынан ЕАЭО шеңберінде жасалған келісім бұзылып, қолдан жасалған кедергілермен қазақстандық тауарлардың енуіне қысым жасалды. Алайда, бұған «Зенченко и К» басшылары қыңбады, олар қыркүйек айында өздерінің Ресей рыногынан шығатынын мәлімдеп, сатып алушыларына алдын ала ескертті.
Осы оқиға кәсіпкерліктің аяғынан шалу, ЕАЭО көлемінде қабылданған келісімдердің талабын аяққа басу деп бағаланып, бұл ақыры ұйымның талқысына түскен болатын. Қазақстанның Ауыл шаруашылығы министрлігінің басшылары мен мамандары ресейліктермен кездесіп, мәселенің оң шешілуіне қол жеткізген. Осыдан кейін қазан айының ортасында «Россельхознадзор» бұрынғы шешімін өзгертіп, «Зенченко и К» және басқа да қазақстандық компанияларды аяғынан шалуын қойып, рыноктың есігін қайтадан айқара ашқан.
Ал жуырда өзара саудаға кедергі келтіретін осы және басқа да мәселелерді ЕАЭО экономикалық комиссиясы арнайы қарады. Бұл комиссияда реттегіш әсерлерді бағалайтын (РӘБ) топ бар. Экономика және қаржылық саясат алқасының мүшесі (министр) Тимур Жақсылықовтың төрағалығымен өткен осы топтың отырысында ветеринарлық тексерістерге жататын нысандарды біртекті бірлесе тексеру және тауарлардың сынағын алу ережесінің орындалуы талқыланды. «Бұл жұмыс өкілетті органдардың әкімшілік ынтымақтастығы бизнес пен саудада тиісті дәрежеде тиімділігін арттырып, кедергі келтіруін жоюға бағытталған. Отырыс қорытындысында біз ЕАЭО елдері рыноктарына сүт және ет өнімдерінің түсуін реттеудің жолдарын ұсындық», деді өзінің сөзінде Тимур Жақсылықов.
Осындай кедергілердің кесірінен биылғы сегіз айда облыстың Ресей Федерациясымен арасындағы сауда айналымы 218 млн АҚШ долларын құрап, былтырғы жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда 6,2%-ға азайған. Соның ішінде экспорт 3,3%-ға азайып, 32,3 млн АҚШ долларын, импорт 6,7%-ға қысқарып, 185,7 млн АҚШ долларын құрады.
Облыстан Ресейге шығарылатын өнімдер арасында металл сынықтары, сүт өнімдері, бидай, ұн сияқты тауарлар басым. Ал Ресейден алынатындар арасында мұнай өнімдері, ауыл шаруашылығы машиналары, құрылыс материалдары, ыдыс-аяқ, т.б. бар.
Ресей инвесторларының қатысуымен Солтүстік Қазақстанда металл рудаларын шығаратын «Тиолайн», алтын өндірумен айналысатын «Әулие Голд Майнинг», трактор құрастыратын «Петропавловский тракторный завод» БК кәсіпорындары жобалары іске асуда. СҚО машина жасау зауыттары Ресей нарығында белсенді жұмыс істеуде. Мысалы, «Завод им. С.М. Кирова» АҚ өнімдеріне ресейлік тұтынушылардан сұраныс туып келеді. Бүгінгі таңда Омбы қаласында «Қазмаркет» сауда жүйесінің жеті дүкені ашылып, негізінен Солтүстік Қазақстанда шығарылатын өнімдерді сатады. Сондай-ақ бірнеше кәсіпорын ресейліктермен 30-дан артық сауда-саттық келісімшартын жасаған.
Ресей кәсіпорындарымен терістіктің агроқұрылымдары да тығыз байланыс орнатқан. Бүгінгі таңда облыс алқаптарында жүрген 8 мың комбайнның жартысынан астамы Ресейде шығарылған. Сондай-ақ егу агрегаттары мен жаткалар және т.б. құрылғылар көрші елде өндірілген. Солтүстікқазақстандық ауыл шаруашылығы машиналарын шығаратын «Avagro» ЖШС өнімдері Ресейде үлкен сұранысқа ие болып отыр. Соңғы жылдары ғана олар өздерінің 300-ден артық өнімін Ресейде сатқан.
Қазақстандық диқандар Ресейден жақсы тұқым да алып тұрады, ал мал өсірушілер 2019 жылы ғана «Сыбаға» бағдарламасының шеңберінде 203 тұяқ асыл тұқымды қара мал сатып алған.
Әрине терістіктегілер мен ресейліктердің арасындағы ынтымақтастықтың барлық қырын қамту мүмкін емес. Бұл өмірдің барлық саласында жүріп жатыр. Оның жақсы жақтары көп болғанымен, көлеңкелі тұстары да жоқ емес. Мысалы, Петропавлдың үздік мектептерінің оқушылары Ресейдегі түрлі пән олимпиадаларына қатысып, жүлде алып жатады. Ал оларға мектеп бітіргеннен кейін сол елдің ЖОО-ларына оқуға грант беріледі. Сөйтіп ақылды жастарымыздың көбі көрші елдің көсегесін көгертуге аттанады. Ал олардың арасынан қайтып келіп жатқаны некен-саяқ.
Солтүстік Қазақстан облысы
Әулиекөлде екі бүлдіршін тілсіз жаудың құрбаны болды
Аймақтар • Бүгін, 19:00
Бүгін елордада қар тазалауға 1016 техника мен 1800 жұмысшы жұмылдырылды
Қоғам • Бүгін, 18:53
Қазақстан мен Оман арасындағы ынтымақтастық нығайып келеді
Саясат • Бүгін, 18:40
Шалғай ауыл тұрғындары көгілдір отын мен ауыз суға зәру
Қоғам • Бүгін, 18:27
Атырау облысында ауылшаруашылығы мақсатындағы су тапшылығы мәселесі шешімін табады
Аймақтар • Бүгін, 18:24
«Тарихи-әдеби өлкетануды дамыту» жобасы аясында оқырмандармен кездесу өтті
Руханият • Бүгін, 18:14
Мәскеу метросында Мұқағалидің өлеңдері жазылған вагон пайда болды
Әдебиет • Бүгін, 18:11
Елбасы Бибігүл Төлегенованы 90 жасқа толған мерейтойымен құттықтады
Қазақстан • Бүгін, 17:58
Мәжілісте жаңа жәрдемақы жайы талқыланды
Парламент • Бүгін, 17:36
«Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаттары марапатталды (фоторепортаж)
Қазақстан • Бүгін, 17:21
Үндістанда болған өртке байланысты Сыртқы істер министрлігі мәлімдеме жасады
Әлем • Бүгін, 16:58
Қарағандыда энергетикалық форум өтіп жатыр
Қазақстан • Бүгін, 16:51
Жеңіс Қасымбек салынған тұрғын үйлердің сапасын бақылауды талап етті
Аймақтар • Бүгін, 16:45
Б. Сағынтаев: Қоғамдық қауіпсіздікті күшейту жөніндегі жұмысты жалғастыру қажет
Қоғам • Бүгін, 16:39
Қазақстандық делегация Түркияның авиациялық билігімен кездесу өткізді
Қазақстан • Бүгін, 16:27
Отбасында теңдік болмай, қоғамда теңдік болмас
Қоғам • Бүгін, 16:13
Алматыда VIII «Бастау» халықаралық кинофестивалі өз мәресіне жетті
Кино • Бүгін, 16:04
Абай атындағы опера және балет театрында «Дон Паскуале» операсы қойылады
Руханият • Бүгін, 16:00
Жүзу: Дмитрий Баландин күміс медаль иеленді
Спорт • Бүгін, 15:56
Кәсіпқойлар арасындағы жарыста да жерлестеріміз дес бермеді
Спорт • Бүгін, 15:49
Елордада «JYR AMANAT» концерт-спектаклі өтті
Руханият • Бүгін, 15:41
Елордада «Алтын тұғыр – 2019» ұлттық спорт үздіктерін марапаттау рәсімі өтті
Қазақстан • Бүгін, 15:32
Спорт • Бүгін, 12:56
Каратэ: Жерлестеріміз үш алтын алды
Спорт • Бүгін, 12:49
Сенатта мүгедектігі бар азаматтардың құқықтарын қамтамасыз ету мәселесі талқыланды
Парламент • Бүгін, 12:31
Қарағандыда «Жыл мұғалімі» байқауының жеңімпазы анықталды
Аймақтар • Бүгін, 12:16
Парламент Мәжілісінде АӘК реформалау перспективалары талқыланды
Қоғам • Бүгін, 12:04
Қазақстан бокс федерациясы 2019 жылдың үздіктерін анықтады
Спорт • Бүгін, 11:59
Дмитрий Баландин АҚШ-та топ жарды
Спорт • Бүгін, 11:54
Алматыда «Поэзия аллеясы» ашылды
Әдебиет • Бүгін, 11:37
Қазақстан Елшісі Мажарстанның Президентіне сенім грамоталарын тапсырды
Саясат • Бүгін, 11:34
Грек-рим күресінен Конфедерация кубогын Шымкент қаласы жеңіп алды
Спорт • Бүгін, 11:29
Ауыл шаруашылығы министрлігі несиелік серіктестіктерінен шығу тәртібін жеңілдетті
Экономика • Бүгін, 11:19
Еркін күрестен Конфедерация кубогын Нұр-Сұлтан қаласы жеңіп алды
Спорт • Бүгін, 11:13
Бокстан Конфедерация кубогын Түркістан облысы жеңіп алды
Спорт • Бүгін, 11:05
Ерлан Айтаханов қала тұрғындарын қабылдады
Аймақтар • Бүгін, 11:02
Тәуелсіздік мерекесіне орай Шымкентте жаңа нысандар пайдалануға берілді
Аймақтар • Бүгін, 10:55
Руханият • Бүгін, 10:41
Қазақстан мен Малайзия арасында әуе қатынасы кеңеюде
Қазақстан • Бүгін, 10:27
Қазақстан мен Колумбия визасыз режим орнатты
Саясат • Бүгін, 10:21
Димашты Нью-Йорктегі жанкүйерлері Қазақстанның жалауымен қарсы алды
Руханият • Бүгін, 09:56
Нұр-Сұлтан қаласында «Елорда жастары 2019» жеңімпаздары марапатталды
Қоғам • Бүгін, 09:36
Түркияда қазақстандық жастар бас қосты
Қоғам • Бүгін, 09:22
Тарих • Бүгін, 07:28
Тарих • Бүгін, 07:21
Аймақтар • Бүгін, 07:18
Қоғам • Бүгін, 07:17
Қазақстанда денсаулықты сақтаудың, нығайтудың және сауықтырудың жаңа жүйесі жасалды
Қоғам • Бүгін, 07:14
Күн тәртібінде – әлеуметтік мәселелерді шешу
Үкімет • Бүгін, 07:11
Әлем • Бүгін, 07:01
Спорт • Бүгін, 07:00
Кәсіпқой бокс • Бүгін, 06:56
Аймақтар • Бүгін, 06:53
Руханият • Бүгін, 06:51
Қоғам • Бүгін, 06:49
Ұлықбек Есдәулет: Әдебиет әдептен басталады
Әдебиет • Бүгін, 06:47
Қарапайымдылық ханға да жарасады
Руханият • Бүгін, 06:44
Жекпе-жекте жерлестерміз дес бермеді
Спорт • Кеше
Кіріс көзі емес, уақытша қаржылай көмек
Қоғам • Кеше
Баға QR кодтар арқылы беріледі
Аймақтар • Кеше
Жемқорлыққа қарсы заңнамаға енгізілген толықтыруларды түсіндірді
Қазақстан • Кеше
Алматыдағы «AǴYM» көрмесі жас суретшілерге рухани шабыт береді
Руханият • Кеше
Кардиоорталық ұжымы біріктіруге неге қарсы?..
Аймақтар • Кеше
Конфедерация кубогының финалистері анықталды
Спорт • Кеше
Он педагог «Qazsaq» стипендиясына ие болды
Қоғам • Кеше
Көрнекті геолог Дүбек Дүйсенбековке мемориалдық тақта ашылды
Руханият • Кеше
«Желтоқсаншы» жеткіншек еске алынды
Руханият • Кеше
Ұқсас жаңалықтар