*Шымшыма шумақтар
Үйреншікті жағдай
О-о, бұл дегенің...
Әлеміш еттің нанына қарай
Шыңғырып түшкіріп жіберді.
Ол түшкіріп жібергенде,
Газет оқып отырған қожайыны:
«Ана нанды мен еңді жемеймін», – деп,
Әлемішке қарай үстелді жіберді.
Үстелге жауап ретінде қамыр ұшты.
Қожайын қамырды қағып алып бүгілді.
– У нас опять война! – деп,
Балалар көршілерге жүгірді.
... Қазір – бейбітшілік ... кей үйде ...
О-о,
Бұл дегенің –
Үйреншікті жағдай болды бүгінде!
Телефон әңгімесі
... – Ің-ң,
Кеше сені біреумен
Төбелесті деді ме?
– Ондай болған.
– Ің-ң,
Төбеңді тесті деді ме?
– Ол да болған.
– Ің-ң,
Төбелестеріңе кім-кімдер қатысты?
– Өзіміз ...
және киімдеріміз қатысты.
– Ің-ң,
Төбелестерің қай жерде болып жүр?
– Ой, бір жерде ...
атүсті ...
– Ің-ң,
Кәкең мен Мәкең де төбелесті деді ме?
– Жоқ, олар атысты!
– Ің-ң,
– Не жетпейді?
– Соны ит біліп пе,
Әйтеуір айқайласып жатты:
«Шығыс» деп, «батыс» деп.
– Ің-ң-ң-ң...
Ұрпақ даусы
... – Кет, әкеңнің ауызын! ...
– Сенің әкеңнің ауызын!
– Сенің жеті әкеңнің ауызын!
– Мен сенің сегіз әкеңнің ауызын!
– Мен сенің семіз әкеңнің ауызын!
***
Естіп жатырсыңдар ма, бабалар
Ұрпағыңның даусын!?
Үмбетбай УАЙДИН