Бұдан 7-8 жыл бұрын ақтөбелік ақын-жазушыларының 50 томдық сериялық жинақтарын шығару ісі белгіленген еді. Мұнда ең алдымен ең дарынды деген орта және кейінгі буындағы шығармашылық өкілдерінің кітаптарын шығаруға басымдық берілді.
Осы орайда атап өтерлік жәйт көркем әдебиет үшін қажетті серияның бұған дейін 23 томы баспадан жарық көргендігі. Таяуда ақтөбелік зиялы қауым өкілдері тағы бір жағымды жаңалық пен шырқауы келген шығармашылық істің куәгері болды. Атап айтқанда белгілі ақын көсем сөз шебері, өңіраралық «Адырна» журналының бас редакторы Мейірхан Ақдәулет бастамасымен «Ақтөбе кітапханасы» сериясы бойынша жергілікті ақын-жазушылардың 27 томлық еңбектері тағы да жарық көрді.
Сонымен қатар 23 ке 27 қосқанда елу том болып Қазақстан жазушылар одағы Ақтөбе облыстық бөлімшесі мен Ақтөбе облыстық әкімдігі бірлесіп қолға алған жобаның нүктесі қойылды. Ақжар АБК ЖШС баспаханасынан басылып шыққан кітаптардың әр қайсының таралымы мың дана. Әрі оның әрқайсының көлемі баспа табақ төңірегінде. 27 томдық жинаққа Ақтөбеден шыққан белгілі ақын-жазушылар мен кейінгі жас толқын өкілдерінің таңдаулы туындылары енгізілген. Алдағы кезде елу томдық толық сериямен жарық көрген Ақтөбе ақын-жазушыларының жинағы өңірдегі барлық кітапханаларға қойылып көпшілік олардың шығармашылығымен танысуға мол мүмкіндік алмақ.