Аймақтар • 06 Қараша, 2019

Алматыда шешендер сөз сайысы өтті

350 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматыда еліміздің 10 облысынан келген 40 оқушы би-шешендердің толғауларын жатқа айтып жарысты. Биыл екінші жыл қатарынан өтіп жатқан байқаудың басты мақсаты – оқушыларды кітап оқуға, жан-жақты ізденуге үйрету. Бұл ақпаратты Алматы қаласы әкімдігі баспасөз бөлімі таратты.

Алматыда шешендер сөз сайысы өтті

Жарыста шешендік толғауды жатқа айтудан бөлек, кез келген жерінен іліп әкету қажет. Ұйымдастырушылар қатысушылардың ешқайсысын сый-сияпатсыз қалдырмаймыз деп отыр.

«Ахмет Байтұрсынов атамыз «Өнер алды – сөз өнері» дейді. Сондықтан, біз бүгін міне ұрпақтарымыздың тілін, тегін білмей жатқан кезде мына би-шешендердің керемет шешендік сөздерімен осындай жарыстар өткізіп, бір дүр сілкіндіріп сөз мәдениетін қалыптастырып, тіл тазалығын сақтау мақсатында осы «Ділмар» шешендік өнер байқауын өткізіп отырмыз», – деді Алматы қаласы Абай атындағы республикалық мамандандырылған дарынды балаларға арналған қазақ тілі мен әдебиетін тереңдете оқытатын орта мектеп-интернаттың директоры Роза Сексенова.

 

 

АЛМАТЫ