Аймақтар • 06 Қараша, 2019

Рудныйда кеншілер мінген автобус жол апатына ұшырады

170 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұл жөнінде Соколов-Сарыбай кен өндіру бірлестігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Рудныйда кеншілер мінген автобус жол апатына ұшырады

Кешкі сағат 20.00-де Қашар-Рудный тас жолында Рудный қаласына қарасты Қашар алаңының жұмыскерлерін тасымалдайтын Соколов-Сарыбай кен өндіру бірлестігінің еншілес кәсіпорны «ТРА» жауапкершілігі шектеулі сетіктестігінің автобусы жарық сигналдарынсыз тұрған «Беларусь» тракторына соғылды.

Жол апаты салдарынан ССКӨБ-тің екі қызметкері қайтыс болды. Марқұмдардың біреуі оқиға орнында, екіншісі ауруханаға барар жолда көз жұмды. Тағы төрт адам түрлі дәрежедегі жарақаттармен ауруханаға жеткізілген. Тоғыз қызметкерге медициналық көмек көрсетілді. Автобуста барлығы 34 жолаушы болған.

ССКӨБ басшылығы мен ұжымы қаза болғандардың отбасыларына қайғырып көңіл айтады. Оларға қаржылай көмек көрсетіледі. Жерлеу шығындарын да кәсіпорын көтереді. Аталған факті бойынша тергеу амалдары басталды.

 

 

Рудный қаласы