Аймақтар • 06 Қараша, 2019

АҚШ Ұлттық зертханалары жоғары баға берді

262 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасымен қолға алынған Курчатовтағы Ұлттық Ядролық Орталық қазіргі кезде халықаралық аренада жоғары дәрежеге жетіп отыр. Қазақстан әлем қауіпсіздігі алдында тағы бір тың қадамға барып, болашақта ядролық қалдықтардың пайдаланылмауының және ядролық терроризмді болдырмаудың сақтық шараларын да  жасады.

АҚШ Ұлттық зертханалары жоғары баға берді

Айта кету керек, бұл  Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Жер планетасындағы бейбіт өмірді нығайту бағытындағы өте маңызды әрі тың қадамы болып табылады. Кеңестер Одағы тарауына төрт ай қалған тұста Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы полигоннан зардап шеккен халықтың тауқыметін тоқтату үшін, әлемдегі қауіпсіздікті сақтау мақсатында өз Жарлығымен сынақ алаңының жұмысын тоқтатты.

Жақында осы Курчатовта  АҚШ-тың Айдахо (INL) және Ок-Ридж (ORNL) Ұлттық зертханалары мамандарының қатысуымен кезекті техникалық кеңестер берілген кездесу болып өтті. Мақсат  - бейбіт атомды дамыту. Техникалық кеңесте «Байкал-1» ЗРК инфрақұрылымындағы ИВГ.1М реакторының сәулеленген жоғары байытылған уран отынын Ресей Федерациясына қайтаруға дайындық туралы мәселе де қарастырылды. Сол сияқты ҚР Ұлттық Ядролық орталығында әзірленіп жатқан ИГР реакторының сәулеленген отынын сұйылту технологиясы да талқыланды. Атқарылып жатқан жұмыстарға АҚШ Ұлттық зертханаларының мамандары жоғары баға берді.

 

 

Курчатов қаласы

ШҚО