Қоғам • 06 Қараша, 2019

Қазақстан Дінтанушыларының IX форумы өтіп жатыр

162 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін елордада Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаевтың қатысуымен Қазақстан Дінтанушыларының кезекті IX форумы өтіп жатыр. 

Қазақстан Дінтанушыларының IX форумы өтіп жатыр

Елдің барлық өңірлерінен форумға қатысу үшін дін саласындағы жергілікті атқарушы органдардың өкілдері, дінтанушылар мен теологтар, еліміздің жоғары оқу орындарының дінтану факультеттерінің оқытушылары мен студенттері келді. 

Қатысушылар діни саланы реттеу процесінде туындайтын негізгі мәселелерді, мақсатты ақпараттық түсіндіру жұмысын қалай тиімді жүргізуді, интернет кеңістігінде радикалды идеологияға қарсы тұру және деструктивті діни ағымдардың идеологиясынан зардап шеккен адамдарды оңалту үшін ненің қажет екенін талқылады. 

Үш секциялық отырыс барысында осы бағыттар бойынша арнайы шақырылған мамандар сөз сөйледі.