Бүгін, яғни 6 қараша күні қаланы санитарлық тазалауға 564 бірлік арнайы техника жұмылдырылып, оның ішінде 163-і күшейтілген режімге көшуге әзір отыр.
«Алматы» ауданында 129 бірлік техника мен 430 жол жұмысшысы қызмет етуде. Оның ішінде «күту режіміне» көшуге 14 техника дайын отыр. «Байқоңыр» ауданында 90 бірлік пен 360 жол жұмысшысы жұмылдырылған. Оның ішінде «күту режімінде» арнайы 30 машина дайын отыр. «Есіл» ауданы – 187 бірлік техника мен 543 жол жұмысшысы, «күту режімінде» арнайы 78 бірлік машина бар. «Сарыарқа» ауданында 158 бірлік пен 491 жол жұмысшысы бар, «күту режимінде» арнайы 41 бірлік техника бар.
Айта кету керек, тұрғын үй-коммуналдық мәселелер бойынша, соның ішінде қар тазалау бойынша тәулік бойы iKomek мониторинг және жедел әрекет ету орталығына 109 нөміріне қоңырау шалып хабарласуға болады. Сондай-ақ өтінішті немесе шағымды әкімдіктің ресми сайтына да, www.astana.gov.kz, Telegram чатта https://t.me/nursultanikomek109_bot, iKOMEK109 мобильдік қосымшасында, сондай-ақ +7-747-109-0-109 нөмірі бойынша Whatsapp, ikomek109 чат-ботында қалдыруға болады.