Аймақтар • 06 Қараша, 2019

Маңғыстауда жыл басынан бері есірткіге қатысты 136 сайт бұғатталған

400 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Ғаламтор кеңістігін мониторингілеу аясында, есірткі заттарын және оларға ұқсас заттарды жарнамалау және сатумен, оның ішінде жаңа синтетикалық заттарды сатумен айналысатын барлығы 136 интернет сайт анықталып, ҚР ІІМ Есірткі бизнесіне қарсы іс-қимыл департаментімен бұғатталған.

Маңғыстауда жыл басынан бері есірткіге қатысты 136 сайт бұғатталған

- Маңғыстау облысы Полиция департаментінде «Есірткімен күрес» шартты атауымен Whats App мессенджеріне қосылған сенім телефоны бар. Оған есірткі саудасымен байланысты заңсыз әрекеттер, қылмыстар туралы және ғаламтор сайттары, граффити жазбалар немесе есірткі заттарын сақтау және сату туралы ақпарттары бар кез келген адам жүгіне алады,- деді Маңғыстау облысы Полиция департаменті бастығының орынбасары, полиция  подполковнигі А.Қалиев.

Мамандардың айтуынша, облыс көлемінде тәркіленетін есірткі заттары көбінесе табиғи жолмен шыққан болып табылады (героин, гашиш, опий, марихуана). Сонымен қатар, осы жылы ҚР ҚК-нің 297 бабы бойынша жүргізіліп жатқан қылмыстық іс шеңберінде синтетикалық N.N-диэтилпентилона есірткі заты, 0,78 грамм салмақпен тәркіленген. Қазіргі таңда синтетикалық есірткі заттарын айналымға шығарған тұлғаларды анықтау және ұстау бойынша арнайы іс-шаралар жүргізілуде.

Облыс орталығы Ақтау қаласында 2019 жылдың 10 ай ішінде 74 адам толық қалпына келтіру  курсынан өттізілген. Қазіргі уақытта республикалық орталықтарға жолдауға 2 адамның құжаттары дайындалуда. Облыстық психикалық денсаулық орталығында 2019 жылдың 1 қарашаға есепте 1 155 адам, оның ішінде профилактикалық есепте 488 адам тұрған болса, олардың 13-і әйел адам, 2-і жасөспірім. Диспансерлік есепте тұрған 667 адамдар арасында 46 әйел адам, 1 жасөспірім бар.

 

 

Маңғыстау облысы