Аймақтар • 07 Қараша, 2019

«Маңғыстау - адалдық алаңы» қоғамдық қабылдау жүргізді

458 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Маңғыстау облысында азаматтардың мемлекеттік билік институттарына сенімін арттыру және тұрмыстық жемқорлықты жою мақсатында «Маңғыстау  - адалдық алаңы» жобалық кеңсесі құрылғандығы белгілі.

«Маңғыстау - адалдық алаңы» қоғамдық қабылдау жүргізді

Қазақстан Халқы Ассамблеясы ғимаратында өткен қоғамдық қабылдауға «Маңғыстау - адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің мүшелері, Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Қаныбек Жұмашев, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары Серік Қаныбеков, халықты жұмыспен қамту, БАҚ, қоғам өкілдері, денсаулық сақтау, білім, полиция басқармаларының басшылары қатысты.

Жобалық кеңсенің жетекшісі Дайрабай Үсіпбаевтың айтуынша, бүгінгі шара жергілікті атқарушы органдар мен тұрғындар арасындағы байланысты жандандыру, елді мекендердегі әр түрлі салалардағы түйткілді мәселелерді талқыға салу арылы шешу және мемлекеттік мекемелердің ашықтығын қамтамасыз ету, қоғамның билік институттарына сенімін жоғарлату, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін болдырмау және алдын алуға бағытталған. Қоғамдық қабылдау барысында түскен ұсыныс-пікірлер бойынша тиісті мекеме басшыларына тапсырмалар берілетін болады.

Айта кету керек, «Маңғыстау - адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің ұйымдастыруымен өткен қоғамдық қабылдауға облыстық денсаулық сақтау басқармасына қарасты мекеме басшылары белсенді қатысқан болатын. Ведомства басшысы Әнуар Сағымбаевтың айтуынша, медициналық қызмет көрсету сапасын жақсарту, пациенттермен кері байланыс орнату мақсатында, денсаулық сақтауға қатысты туындаған мәселелерді шешу үшін осындай шаралар өткізіп тұру ауадай қажет.

 

Маңғыстау облысы