«ҚазАзот» АҚ құрылымы, «Өрт сөндіруші» АҚ АҚҚ-1 бөлімшесі және ҚР ІІМ ТЖК Маңғыстау облысы Төтенше жағдайлар департаменті конверсия синтезді бөліктегі аумақта аварияға қарсы «Синтез блогы шекарасындағы сұйық аммиак құбырының жарылуы» тақырыбында жаттығу жүргізілді.
Жаттығу барысында өндіріс құрамының, «Өрт сөндіруші» акционерлік қоғам филиалы мен Маңғыстау облысы ТЖД «ӨСжәнеАҚЖҚ» ММ-ның өндірістегі авария салдарын жоюда өзара байланысы, ұйымдағы құрылым командирлерінің тәжіребиесін және өндірістегі аварияны жою кезіндегі құтқару жұмыстарын, залалданған зонадан адамдарды құтқару бойынша жұмыстарды және алғашқы медициналық көмекті беру туралы сұрақтар қойылды.
Жаттығуға барлығы 85 адам және 6 дана техника қатысты, олардың арасында «ҚазАзот» АҚ, «ӨС және АҚЖҚ» ММ, «Өрт сөндіруші»АҚ филиалының жеке құрамы, сонымен қатар Ұлттық гвардияның 25 адам жеке құрамы және 1 жедел медициналық жәрдем бригадасы бар.
Маңғыстау облысы