Аймақтар • 07 Қараша, 2019

Маңғыстауда шұғыл әрекет ету жасақтарын қарау өткізілді

205 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ақтау қаласында Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Ә.Қыраубаевтың және Маңғыстау облысы Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы, азаматтық қорғау  полковнигі Қ. Базарбаевтың қатысуымен облыстық шұғыл әрекет ету жасақтарын қарау өткізілді. Бұл туралы Маңғыстау облысы Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

Маңғыстауда шұғыл әрекет ету жасақтарын қарау өткізілді

Төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою бойынша іс-қимылға Азаматтық қорғау мемлекеттік жүйесін одан әрі жетілдіру, сондай-ақ, қысқы кезеңдегі төтенше жағдайларға басқару органдарын, азаматтық қорғаудың күштер мен құралдарын ден қоюға дайындау мақсатында  2019 жылғы 5-6 қараша аралығында «Қысқы кезең жағдайында төтенше жағдайларды жою кезіндегі іс-қимылдарға азаматтық қорғау мемлекеттік жүйесінің басқару органдары мен күштерін дайындау» тақырыбында «Қыс-2019» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы өтті.

Оқу-жаттығу барысында қысқы кезең жағдайындағы төтенше жағдайларды жоюға азаматтық қорғау мемлекеттік жүйесі және халықтың әзірлігі мен қабілет деңгейін арттыру, көлік магистральдары мен тыныс-тіршілікті қамтамасыз ету нысандарының жұмыс істеуі бұзылған жағдайда өздеріне бағынысты күштерді басқару бойынша салалық және аумақтық кіші жүйелердің жұмысында үйлесімділікті жетілдіру, қысқы кезеңдегі төтенше жағдайда азаматтық қорғау қызметтері мен құралымдарының әзірлігі тексерілді.

Жаттығуға барлығы 160 адам, 65 техника жұмылдырылды.

 

Маңғыстау облысы