Қоғам • 07 Қараша, 2019

Қарағанды облысында ӘМС қорына 788 млн тенге салым аударылды

185 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қарағанды облысында қазан айының өзінде әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына (ӘМСҚ) 788 млн теңгеден астам қаржы аударылды. Бұл сома өз қызметкерлері үшін жұмыс берушілер төлеген жарналар мен жеке кәсіпкерлер жасаған аударымдардан құралды.

Қарағанды облысында ӘМС қорына 788 млн тенге салым аударылды

Қазіргі таңда өңірдегі өзін-өзі жұмыспен қамтыған тұрғындардың бірыңғай жиынтық төлемі (БЖТ) аударылған жалпы соманың 1, 270 млн теңгесін құрады.

Айта кету керек, облыста 3400-ден астам тұрғын медициналық сақтандыру жүйесіне қатысудың осы тәсілін таңдады. Олар облыстық маңызы бар қалада тұратын болса, ай сайын 2525 теңге (1 АЕК) немесе басқа елді мекендерде тұратын болса, 1263 теңге (0,5 АЕК) төлейді. Бұл ретте соманың 40%-і медициналық сақтандыру қорына, 30%-і зейнетақы аударымдарына, 20%-і әлеуметтік сақтандыруға, 10%-і жеке табыс салығына түседі.

«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Қарағанды облысы бойынша филиалының директоры Фазыл Копобаев бірыңғай жиынтық төлем төлеушілер санының артып келе жатқанын айтады.

– Медициналық сақтандыру жүйесіне қатысудың бұл түрі тұрақты табысы жоқ, ресми жұмысқа орналаспаған азаматтарға, мысалы, күтушілерге, репетиторларға, қосалқы шаруашылық иелеріне қолайлы. БЖТ төлей отырып олар 2020 жылдан бастап тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінен басқа медициналық қызметтердің кеңейтілген пакетіне қол жеткізе алады, – дейді ол.

 

Қарағанды облысы