Руханият • 07 Қараша, 2019

Шымкентте ел газетінің 100 жылдығына орай республикалық конференция өтуде

83 реткөрсетілді

Шымкент қаласында ел газеті «Egemen Qazaqstan” газетінің 100 жылдық мерейтойына орай есімі қазақ баспасөзімен қатар аталатын Алаш арыстары Сұлтанбек Қожанов пен Тұрар Рысқұловтың 125 жылдығына арналған "Тұғыры биік тұлғалар" атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өтуде.

Тарихи мән-маңызы жоғары жиынға Шымкент қаласының әкімі Ерлан Айтаханов қатысып, қос тұлғаның ұлттық мүдде жолындағы еңбектерін өскелең ұрпаққа үлгі етуге шақырды.

Бүгінде еліміздің түкпір-түкпірінде Қазақтың бас газетінің қалыптасуына еңбек еткен Алаш арыстарын тануға арналған жиындар мен ғасырлық басылымның мерейтойына арналған түрлі деңгейдегі мерекелік шаралар көптеп өткізілуде. 

Шырайлы Шымкентте бастау алған шара соның жалғасы ретінде "Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру" бағдарламасы  аясында өтіп жатыр. 

Қайырымды қала тұрғындарын өткен тарихпен, бабалар мұратымен сусындатқан конференцияны тарих ғылымдарының докторы, Ұлттық ғылым академиясының корреспондент-мүшесі, Халықаралық Түркі академиясының президенті, «Egemen Qazaqstan» жалпыұлттық республикалық газетінің басқарма төрағасы Дархан Қыдырәлі жүргізіп, ойлы оқырмандарды еліміздің бас басылымының ғасырлық мерейтойымен құттықтады.  

Конференцияға профессор Оразалы Сәбден, Бейбіт Қойшыбаев, филология ғылымдарының докторы Амантай Шәріп, тарих ғылымдарының докторы, профессор Хазіретәлі  Тұрсын тарихи деректерге бай баяндама жасады. 

Сонымен қатар конференцияға Нұр-Сұлтан, Алматы, Түркістан, Шымкент қалаларының Сұлтанбек Қожанов пен Тұрар Рысқұловтың өмір жолдарын зерттеумен айналысып жүрген ғалымдар арнайы шақырылды. 

Конференция жұмысының жемісі ретінде Шымкент қаласы әкімдігінің қолдауымен Сұлтанбек Қожанов пен Тұрар Рыскұлов туралы тарихи тың деректер арнайы  кітапқа жинақталып, іс-шара қатысушыларына ұсынылды.

 

ШЫМКЕНТ

 

Соңғы жаңалықтар

Жер мәселесі жайлы отырыс өтті

Қазақстан • Бүгін, 16:33

21 жыл бойы құжатсыз жүрген

Аймақтар • Бүгін, 10:59

VII PR форумы Алматыда өтті

Аймақтар • Бүгін, 10:45

Бас басылымның байтақ белесі

Аймақтар • Бүгін, 09:08

Қайта оралған құмаршық

Аймақтар • Бүгін, 07:54

Термешілер тереңнен тербеді

Әдебиет • Бүгін, 07:52

Хазіреттер қазынасы

Руханият • Бүгін, 07:43

«Спецхранда» сақталған...

Руханият • Бүгін, 07:26

«Тәкаппар екен құлжа алма»

Қоғам • Бүгін, 07:23

Заң керек!

Экология • Бүгін, 07:20

Ел құрметі ерекше

100 • Бүгін, 07:14

Ит жүгіртіп, құс салды

Аймақтар • Бүгін, 07:12

Сенім һәм серпін

Руханият • Бүгін, 07:09

Парасаттылық – басты назарда

Аймақтар • Бүгін, 06:30

Хат қоржын (14.11.2019)

Әдебиет • Бүгін, 06:28

Күріш сұрыптары сұйылып барады

Экономика • Бүгін, 06:24

Ұқсас жаңалықтар