Қоғам • 07 Қараша, 2019

Қарағанды облысы әкімнің орынбасары интернет-қолданушылардың сұрақтарына жауап береді

302 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қарағанды облысы әкімінің бірінші орынбасары Асылбек Дүйсебаев «Ашық диалог» порталында 11 қараша күні сағат 15.00-ден 18.00-ге дейін «Қарағанды облысындағы жол құрылысының қорытындысы мен келешегі» атты интернет-конференция өткізеді.

Қарағанды облысы әкімнің орынбасары интернет-қолданушылардың сұрақтарына жауап береді

Dialog.egov.kz порталында өтетін конференцияда сұрақ қою үшін міндетті түрде тіркелу керек.

Еске салсақ, «Ашық диалог» порталы – Қазақстан Республикасы «Ашық үкіметінің» құрамдас бір бөлігі және ол мемлекеттік органдар мен қоғам арасында тиімді кері байланыс орнатуға арналған алаң. 

Айта кеткен жөн, келесі жылы Қарағанды облысында жол инфрақұрылымын жақсарту мақсатына 19 млрд теңге қаражат бөлінбекші. Бұл туралы облыстық мәслихаттың депутаттарымен кездесу барысында өңір басшысы Жеңіс Қасымбек мәлімдеді.

Республикалық бюджеттен бөлінген қаржыға Новодолинка-Шахан-Молодецкая, Осакаровка-Молодежное және Қаражал-Атасу бағытындағы үш автожолды қайта жаңғырту жоспарланған. Сонымен қатар, Соқыр және Нұра өзендеріне екі көпір салынады.

 

Қарағанды облысы