Қазақстан • 07 Қараша, 2019

«Ел қорғаны» медалімен марапатталды

261 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Армия халықаралық ойындарында жақсы нәтиже көрсеткені үшін сержант Ақжол Қосжанов II дәрежелі «Ел қорғаны» медалімен  марапатталды. Ол 2 жыл қатарынан «Әскери барлау үздіктері» сайысында өзін командадағы үздік техник ретінде көрсете білді.

«Ел қорғаны» медалімен марапатталды

Құрлық әскерлері Әскери институтының баспасөз қызметінен хабарлағанындай, сержант Ақжол Қосжанов Құрлық әскерлерінің Әскери институтында қызмет  етеді. Ол қызмет барысында курсанттарға әскери техниканың қыр-сырларын үйретеді. Ол табанды, ерік-жігері мол, діттеген арманына қол жеткізе білетін адам. Өзінің табандылығының арқасында халықаралық қазылар алқасының мүшелеріне техникалық білімін, жоғары дәрежелі шеберлігін, далалық және техникалық дағдысын көрсетіп, мойындата білді.

 

АЛМАТЫ