Қоғам • 07 Қараша, 2019

Маңғыстауда «Anti-fraud» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілді

495 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ақтауда Маңғыстау облысы аумағында «Anti-fraud» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілді. Бұл туралы Маңғыстау облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

Маңғыстауда «Anti-fraud» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілді

Іс-шараның мақсаты – ақпараттық технологиялар саласындағы қылмыстардың жолын кесу.
Маңғыстау облысы көлемінде интернет-алаяқтық бойынша 5 дерек тіркелді. Жедел-іздестіру барысында 1 ашылмай тұрған интернет желісі арқылы жасалған алаяқтық қылмыс дерегі ашылды.
Нақтырақ айтқанда, Қарақия аудандық Полиция бөлімі Криминалдық полиция бөлімшесінің қызметкерлері «Anti-fraud» жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында 2019 жылдың қаңтар айында белгісіз тұлға қасақана, пайдакүнемдік ниетімен «Whatsapp Messenger» әлеуметтік желісі арқылы жәбірленушінің 30 000 (отыз мың) теңге ақшасын иемденгісі келіп, «KIWI» әмиянға ақша салдырған. Аталған дерек бойынша шұғыл-іздестіру шарасы нәтижесінде Қарақия ауданының тұрғыны екені анықталып, ұсталды. Күдіктіден мойындау жауабы алынды. Қарақия аудандық Полиция бөлімінің сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіміне ҚР ҚК-нің 24-3-бабы, 190-бабы 2-бөлігі 4-тармағымен тіркелді.
Тағы бір ақпараттық технологиялар саласындағы қылмыс дерегі таяуда Ақтау қаласында болды. Ғаламтор желісіндегі Kizdar.net сайтына ашық түрде порнографиялық суреттерін салғаны және жарнамалағаны үшін Өзбекстан азаматшасы анықталып, ұсталды. Бұл дерек ҚР ҚК-нің 311-бабына сәйкес СДТБТ-не тіркелді. Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

 

Маңғыстау облысы