Президент • 07 Қараша, 2019

Қасым-Жомарт Тоқаев Омбы қаласына барды

225 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Омбы қаласына ұшып барды. Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли өзінің Facebook парақшасында хабарлады. 

Қасым-Жомарт Тоқаев Омбы қаласына барды

«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Омбы қаласына ұшып келді. Президент «Шекара маңы ынтымақтастығын дамытудың өзекті мәселелері» атты Қазақстан мен Ресей арасындағы XVI өңіраралық ынтымақтастық форумына қатысады» деп жазды Берік Уәли.

Форум аясында Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путинмен кездеседі және бірқатар құжатқа қол қойылады деп жоспарланып отыр.