29 Мамыр, 2013

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы №255

464 рет
көрсетілді
18 мин
оқу үшін

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы №255

Сәрсенбі, 29 мамыр 2013 1:05

2013 жылғы 18 наурыз, Астана, Үкімет Үйі

Электрмен жабдықтаудың үлгілік шартын бекіту туралы

«Электр энергетикасы туралы» 2004 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы 4-бабының 5-1) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қоса беріліп отырған Электрмен жабдықтаудың үлгілік шарты бекітілсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Сәрсенбі, 29 мамыр 2013 1:05

2013 жылғы 18 наурыз, Астана, Үкімет Үйі

Электрмен жабдықтаудың үлгілік шартын бекіту туралы

«Электр энергетикасы туралы» 2004 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы 4-бабының 5-1) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қоса беріліп отырған Электрмен жабдықтаудың үлгілік шарты бекітілсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі             С. АХМЕТОВ.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2013 жылғы 18 наурыздағы № 255 қаулысымен бекітілген

Электрмен жабдықтаудың үлгілік шарты
______________________________                       20____ж. «__»________        (шарттың жасалу орны)
_____________________________лицензиясына сәйкес
(лицензия нөмірі, берілген күні)
тұтынушыларды электрмен жабдықтауды жүзеге асыратын, бұдан әрі жеткізуші деп аталатын,
______________________________________________________________
(энергиямен жабдықтаушы ұйымның атауы)
__________________________________________негізінде әрекет ететін
_____________________________________атынан бір тараптан,
(лауазымы, Т.А.Ә.)
және бұдан әрі тұтынушы деп аталатын,
негізінде әрекет ететін________________________________________________,
(лауазымы, Т.А.Ә.)
атынан екінші тараптан, бұдан әрі Тараптар деп аталатындар төмендегілер туралы осы электрмен жабдықтау шартын (бұдан әрі – шарт) жасасты:

1. Шартта пайдаланылатын негізгі ұғымдар
1. Шартта мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) есеп айырысу кезеңі – тұтынылған электр энергиясы ескерілуі және тұтынушы төлеміне ұсынылуы тиіс шартпен айқындалатын уақыт кезеңі;
2) тұтынушы – электр энергиясьш шарт негізінде тұтынатын жеке немесе заңды тұлға;
3) коммерциялық есепке алу аспабы – электр энергиясын коммерциялық есепке алуға арналған, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қолдануға рұқсат етілген техникалық құрылғы;
4) тұтынушыны электр желілеріне қосу схемасы – оларға есеп айырысу үшін берілетін және тұтынылатын электр энергиясының есебін қамтамасыз ететін электр энергиясын есепке алу аспабының электр желісіне белгілі бір электрлік қосылуы.

2. Шарттың нысанасы
2. Жеткізуші тұтынушыға электр беруші ұйымның жалғастырылған желісі арқылы электр энергиясын беруге, ал тұтынушы шартқа сәйкес тәртіпте және шарттарда қабылданған электр энергиясына ақы төлеуге міндеттенеді.
3. Шарт қолданыстағы заңнамада белгіленген тәртіппен электр беруші ұйымның желілеріне қосылған жабдықтың онда болуы кезінде, сондай-ақ коммерциялық есепке алу аспаптарының болуы кезінде тұтынушымен жасалады.
4. Шарт бойынша абонент ретінде энергияны тұрмыстық тұтыну үшін пайдаланатын жеке тұлға болған жағдайда, шарт белгіленген тәртіппен абоненттің жалғастырылған желіге іс жүзінде алғашқы қосылған сәтінен бастап жасалған болып есептеледі.
5. Шарт жасасу үшін тұтынушыда (электр энергиясын тұрмыстық мұқтаждықтар үшін пайдаланатын тұтынушыны қоспағанда) мыналар болуы қажет:
1) шартқа 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша теңгерімдік тиістілігін бөлу актісі және тараптардың пайдалану жауапкершілігінің актісі;
2) Энергетикалық сараптаманы жүргізу қағидаларында көзделген тәртіппен белгіленген жағдайларда тұтынушы электр қондырғыларының техникалық жай-күйін тексеру жөніндегі сараптамалық ұйымның актісі;
3) авариялық акті және (немесе) технологиялық бронь актісі (қажет болған жағдайда);
4) тұтынушыны электр желілеріне қосу схемасы.

3. Тұтынылатын электр энергиясын есепке алу
6. Жеткізуші берген және тұтынушы қабылдаған энергия саны коммерциялық есепке алу аспаптарының көрсеткіштерімен айқындалады, ал есепке алу тұтынушының кінәсінен емес уақытша бұзылған жағдайда, электр энергиясы үшін есеп айырысу коммерциялық есепке алу аспабы және тұтынушыны электр энергиясы желілеріне қосу схемасы жарамды болған алдыңғы немесе кейінгі есеп айырысу кезеңінде тұтынушының орташа тәуліктік шығыны бойынша жүргізіледі.
7. Тұтынылатын электр энергиясын есепке алу кезінде коммерциялық есепке алу аспабы тараптардың пайдалану жауапкершілігінің шекарасында орнатылады.
8. Коммерциялық есепке алу аспаптарының саны шартқа 2-қосымшаға сәйкес коммерциялық есепке алу аспаптарының тізбесінде көрсетіледі.
9. Коммерциялық есепке алу аспаптарының көрсеткіштерін алуды жеткізушінің немесе энергия беруші ұйымның өкілдері тұтынушының не оның өкілдерінің қатысуымен жүргізеді.
10. Кезекті жылға электр энергиясын тұтыну көлемін анықтау үшін тұтынушы (электр энергиясын тұрмыстық мұқтаждықтар үшін пайдаланатын тұтынушыны қоспағанда) жеткізу жылына дейінгі жылдың басталғанына дейін 30 күннен кешіктірмей, шартқа 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша электр энергиясына жеткізу туралы алдын ала өтінім береді.
11. Тұтынушының кінәсі бойынша коммерциялық есепке алу аспаптарының көрсеткіштерін екі есеп айырысу кезеңі ішінде алу мүмкін болмаған кезде жеткізуші есеп айырысуды жүктемелердің маусымдық кестесін ескере отырып, осы тұтынушының өткен кезең үшін электр энергиясының орташа тәуліктік шығыны бойынша жүргізеді.
Бұл ретте, электр энергиясының орташа тәуліктік шығыны бойынша есеп айырысу кезеңі бір есеп айырысу кезеңінен аспайды. Кейінгі қайта есептеулер тұтынушыны жалғауға арналған техникалық шарттарға сәйкес белгіленген қуат бойынша жүргізіледі.

4. Электр энергиясына ақы төлеудің шарттары мен тәртібі
12. Тұтынушыларға берілген электр энергиясы үшін есеп айырысулар табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы заңнамаға сәйкес белгіленген тарифтер бойынша жүргізіледі.
Заңды тұлға болып табылатын тұтынушы тұтынған электр энергиясы үшін төлемді тәуліктік аймақтар бойынша сараланған тарифтер бойынша жүргізеді.
Заңды тұлға болып табылмайтын тұтынушылар тұтынған электр энергиясы үшін төлемді оны тұтыну көлеміне байланысты сараланған тарифтер бойынша немесе тәуліктік аймақтар бойынша сараланған тарифтер бойынша жүргізеді.
Жаңа тарифтерді қолданысқа енгізу тұтынушыларға бұқаралық ақпарат құралдары арқылы алдын ала хабарлағаннан кейін жүзеге асырылады және осы шартты қайта жасасу үшін негіз болып табылмайды.
13. Энергия үшін есеп айырысу тәртібі заңнамамен немесе тараптардың келісімімен айқындалады.
Тұтынушы төлемді есептік айдан кейінгі айдың 25-күнінен кешіктірмей (немесе шартта келісілуі тиіс мерзімдерде тұтынушы мен жеткізуші арасындағы келісім бойынша) жүргізеді.
Есеп айырысу кезеңі бір күнтізбелік айды құрайды.
14. Шартта көзделген электр энергиясы үшін төлемді кешіктірген жағдайда тұтынушы жеткізушіге кешіктірген әрбір күн үшін осы соманы төлеу күні Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің қолданыстағы қайта қаржыландыру ставкасынан 1,5 еседен астам емес, бірақ негізгі қарыз сомасынан астам емес мөлшерде тұрақсыздық айыбын төлейді.
15. Егер тұтынушы белгіленген тәртіппен ол пайдаланған электр энергиясына төлемегені үшін ажыратылса, онда оны қосуды қарыз өтелгеннен және қосу үшін көрсетілетін қызметке ақы төленгеннен кейін энергия беруші ұйым жүргізеді.
Бұл ретте, қосу үшін төлем жеткізушіге жазылған төлем құжатында көрсетіледі.
16. Тұтынушы тұтынған электр энергиясы үшін төлем шарт талаптарына сәйкес коммерциялық есепке алудың автоматтандырылған жүйесін пайдаланатын тұтынушыларды қоспағанда, коммерция­лық есепке алу аспаптарының нақты көрсеткіштері негізінде есептік айдан кейінгі айдың 10-күнінен кешіктірмей жеткізуші тұтынушыға жазған және берген төлем құжаты бойынша жүргізіледі.
17. Коммерциялық есепке алу аспаптарын теңгерімдік тиістілік шекарасында емес орнатқан кезде бөлу шекарасынан коммерциялық есепке алу аспаптарын орнату орнына дейінгі желі учаскесі электр энергиясының шығасыларын (трансформаторларда және желілерде) теңгерімінде көрсетілген желі учаскесі бар тарап төлейді.
18. Есептеу аспаптарын смарт-картамен қолдануға негізделген электр энергиясын коммерциялық есепке алудың автоматтандырылған жүйесі болған жағдайда, тұтынылған электр энергиясы үшін төлемді тұтынушы өзі белгілеген мөлшерде төлем құжатын қоюсыз жүргізеді.

5. Тұтынушының құқықтары мен міндеттері
19. Тұтынушының:
1) мемлекеттік стандарттарда немесе өзге нормативтік-техникалық құжаттамада белгіленген талаптарға және шарт жағдайларына сәйкес электр энергиясын алуға;
2) жеткізушіден нақты келтірілген залалды толық көлемде өтеуін талап етуге;
3) энергияны оған қажетті мөлшерде пайдалануға;
4) жеткізушіге хабарлаған жэне түтынылған электр энергиясы үшін толық төлем жүргізген жағдайда бір жақты тэртіппен шартты бүзуға;
5) шартты жасауға және орындауға байланысты даулы мэселелерді шешу үшін сотқа жүгінуге;
6) көп мөлшерлемелі есепке алу аспабы болған кезде тэуліктік аймақтар бойынша сараланған тарифтерді белгілеу үшін жеткізушіге өтінішпен жүгінуге;
7) келесі күнтізбелік айға тұтынылатын электр энергиясының шартты көлеміне есептік айдың 26-күніне дейін (электр энергиясын тұрмыстық мұқтаждықтар үшін пайдаланатын тұтынушыларды қоспағанда) түзетулер енгізуге;
8) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де құқықтарға құқығы бар.
20. Тұтынушы:
1) электр энергиясын тұтыну режимдерін сақтауға;
2) электр және энергия кұрылғылары мен коммерциялық есепке алу аспаптарының тиісінше техникалық жай-күйін сақтауға, электр энергиясын пайдалану қағидаларына сәйкес олардың техникалық жай-күйіне қойылатын талаптарды орындауға;
3) шартқа 4-қосымшаға сәйкес тұтынушыны электр желілеріне қосу схемасын сақтауға;
4) электр энергиясын коммерциялық есепке алу аспаптарының жұмысындағы авариялар, өрттер, ақаулықтар және электр энергиясын пайдалану кезінде туындайтын өзге де бұзушылықтар туралы жеткізушіге дереу хабарлауға;
5) тұтынушының шарт талаптарын орындау мәніне қарау, тексеру мақсатында коммерциялық есепке алу аспаптарына жеткізуші өкілдерін жіберуге;
6) электр энергиясына сараланған тарифтер бойынша жасалған шартқа сәйкес тұтынылған электр энергиясын уақтылы төлеуге;
7) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де міндеттемелерді орындауға міндетті.

6. Жеткізушінің құқықтары мен міндеттері
21. Жеткізушінің:
1) электр энергиясын беру тоқтатылғанға, тоқтатыла тұрғанға дейін бір айдан кешіктірмей абонентті жазбаша ескерту шартымен тұтынушының пайдаланған энергияны төлемеуіне байланысты шартты орындауды тоқтатуға, тоқтата тұруға;
2) мынадай жағдайларда тараптардың келісімі бойынша тұтынушыға электр энергиясын беруді тоқтатуға:
энергия беруші ұйымның желісіне электр энергиясын қабылдағыштарды өз еркімен жалғау;
коммерциялық есепке алу аспаптарынан басқа электр энергиясын қабылдағыштарды жалғау;
энергия беруші ұйымның және басқа тұтынушылардың электр қондырғыларының жұмыс істеуін бұзатын мәндерге дейін тұтынушының кінәсі бойынша электр энергиясының сапасы көрсеткіштерін төмендету;
жеткізуші өкілдерін олардың қызметтік куәліктері бойынша тұтынушының коммерциялық есепке алу аспаптары мен электр қондырғыларына (қосалқы станциялар, ток қабылдағыштар, желілер, электр беру желілері) жібермеу;
резервтік қоректендіру болмаған кезде жабдықты жөндеу және жаңа тұтынушыларды қосу бойынша жоспарлы жұмыстарды жүргізу. Бұл ретте жеткізуші тұтынушыға ажыратқанға дейін үш күннен кешіктірмей, оның ішінде бұқаралық ақпарат құралдарында хабарландыруды орналастыру арқылы ескертеді;
жедел хабарлап және ажырату себебін көрсете отырып, адамдардың өміріне қауіп төндіруі, маңызды экономикалық залал келтіруі, коммуналдық шаруашылықтың және электрмен жабдықтау жүйелерінің аса маңызды элементтерінің жұмыс істеуін бұзуы мүмкін авариялардың алдын алу, оларды жою жөніндегі шұғыл шаралар қабылдау;
3) авариялық ахуал жағдайында тұтынушыға электр энергиясын беруді тоқтатуға;
4) шартты жасасуға және орындауға байланысты даулы мәселелерді шешу үшін сотқа жүгінуге;
5) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де құқықтарға құқығы бар.
22. Жеткізуші:
1) мемлекеттік стандарттарда немесе өзге нормативтік-техникалық құжаттамада белгіленген талаптарға және шарт жағдайларына сәйкес электр энергиясын беруге;
2) тұтынушыға төлемегені үшін ажыратқанға дейін отыз күн бұрын жазбаша хабарлауға;
3) хабарландыруды бұқаралық ақпарат құралдарына орналастыру жолымен тұтынушыны электрмен жабдықтау қызметіне тарифтер туралы, олардың өзгеруі туралы хабардар етуге;
4) тұрмыстық тұтынушыдан оған берілген электр энергиясы үшін төлемдерді өз кассалары, сондай-ақ банктер мен банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы қабылдауды қамтамасыз етуге;
5) тұтынушыға тұтынған электр энергиясы үшін ақы төлеуге төлем құжатын ай сайын ұсынуға;
6) табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар саласында (тиісті нарықта үстем (монополиялық) жағдайға ие доминанттар тізіліміне енгізілген реттелетін нарық субъектілері үшін) басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік органмен келісілген тарифтер бойынша электр энергиясын беруге міндетті.
23. Жеткізуші тұтынушыға (тиісті нарықта үстем (монополиялық) жағдайға ие доминанттар тізіліміне енгізілген реттелетін нарық субъектілері үшін) тәуліктік аймақтар бойынша сараланған тарифтер бойынша және (немесе) оны тұтыну көлеміне (жеке тұлғалар үшін) байланысты электр энергиясын өткізуден (сатудан) бас тартуға құқылы емес.

7. Тараптардың жауапкершілігі
24. Энергиямен жабдықтау шарты бойынша міндеттемелерді орындамаған немесе тиісінше орындамаған жағдайларда Тараптар мұнымен келтірілген нақты залалды өтеуге міндетті.
25. Жеткізуші тұтынушының алдында форс-мажорлық мән-жайлардан (стихиялық құбылыстар, әскери іс-қымылдар және т.с.с), сондай-ақ жеткізушіге байланысты емес мән-жайлардан (электр беру желілерін және басқа да жабдықты ұрлау немесе нұқсан келтіру және т.с.с.) туындаған электр энергиясын берудегі үзілістер үшін материалдық жауапкершілікте болмайды.
26. Тараптар шарт талаптарын орындау үшін қажетті өз атауының, заңды мекенжайының, нақты орналасқан орнының және өзге деректемелердің өзгеруі туралы бір-біріне жедел хабарлауға міндеттенеді.

8. Қорытынды ереже
27. Шарт Тараптар оған қол қойған күнінен бастап бір жыл мерзімге жасалған болып есептеледі.
Мерзімі аяқталуы бойынша шартты тоқтату немесе өзгерту туралы тараптардың бірінің өтініші болмаған жағдайда, ол шартты жасау кезінде онда көзделген мерзімге және сол талаптарда ұзартылған болып есептеледі.
Шарт Тараптардың келісімі бойынша өзгертілуі мүмкін.
28. Осы шарттың талаптарын орындауға байланысты жеткізуші мен тұтынушы арасындағы барлық даулы мәселелер заңнамада белгіленген тәртіппен шешіледі.
29. Шартқа Тараптардың уағдаластығы бойынша енгізілетін барлық өзгерістер мен толықтыру­лар шарт ережелеріне қайшы келмеуі тиіс, қосымша келісім түрінде ресімделеді, Тараптардың уәкілетті өкілдерінің қолдары қойылады және заңнамада белгіленген тәртіппен ресімделеді.
30. Осы шарт әрбір тарапқа бір-бірден мемлекеттік және орыс тілдерінде екі данада жасалды.

9. Тараптардың деректемелері
Жеткізуші            Тұтынушы
_________________________________    _____________________________________
_________________________________    _____________________________________
_________________________________    _____________________________________
М.О                М.О. (заңды тұлға үшін)

Электрмен жабдықтаудың үлплік шартына 1-қосымша
Нысан

теңгерімдік тиістілікті бөлу актісі

Тұтынушының сенімділік санаты___________________________
Техникалық шарттар бойынша рұқсат етілген электр қуаты
№__________________________________________________________
_______________________________________________________бастап
Р=_______________________________________________________кВт,
Тұтынушының жұмыс режимі    .
1. Абоненттің теңгерімінде мынадай электр қондырғылары бар:
1) әуе    желілері______________________________________________
_____________________________________________________________
_____________________________________________________________
_____________________________________________________________
2) кәбілдік желілер_____________________________________________
_____________________________________________________________
_____________________________________________________________
_____________________________________________________________

3) қосалқы станциялар _________________________________________
_____________________________________________________________
_____________________________________________________________
_____________________________________________________________

4) желілерді бөлу шекарасы_____________________________________
_____________________________________________________________
_____________________________________________________________
_____________________________________________________________

2. Оның ішінде мыналарға персонал қызмет көрсетеді:
1) абоненттің_________________________________________________
_____________________________________________________________
_____________________________________________________________

2) электр беруші ұйымның______________________________________
_____________________________________________________________
_____________________________________________________________

Жеткізуші:            Тұтынушы:
_______________________        ___________________________

Электрмен жабдықтаудың үлгілік шартына 2-қосымша

Коммерциялық есепке алу аспаптарының тізбесі
Р/с
№    Атауы    Есептеуіш типі    Зауыттық нөмірі    Ток трансформаторлары    Есептеу коэф.
1    2    3    4    5    6

Жеткізуші            Тұтынушы
________________________________                        _______________________________________

Электрмен жабдықтаудың үлгілік шартына 3-қосымша
Нысан
Кімге________________________________________
(энергиямен жабдықтаушы ұйым)
Кімнен_______________________________________            (Т.А.Ә.)
Электр энергиясын жеткізу туралы алдын ала өтінім

Мен,______________________________________________, Сізден электр энергиясын
___________________бастап__________________дейін мынадай мөлшерде алдын ала
жеткізуді сұраймын.
Р/с
№    Айлар

кВт.сағат
Цифрмен    Жазбаша
1    Қаңтар
2    Ақпан
3    Наурыз
4    Сәуір
5    Мамыр
6    Маусым
7    Шілде
8    Тамыз
9    Қыркүйек
10    Қазан
11    Қараша
12    Желтоқсан
Жиыны

Жеткізуші:            Тұтынушы:
___________________________        ______________________

Электрмен жабдықтаудың үлгілік шартына 4-қосымша

Тұтынушыны электр желілеріне қосу схемасы
Жеткізуші:            Тұтынушы:
______________________        ________________________