Аймақтар • 08 Қараша, 2019

Жетелі жеті жоба

598 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Биыл мамыр айында Қазақ ұлттық қыздар педагоги­калық универ­ситетінің ғалымдары мен студенттері бірлесе отырып, «7 жаңа туристік маршрут» жобасын қолға алған-ды. Жақында аталған стартап жоба аясында Алматы облысының тарихи орындарына арнайы экспедиция жасақталып, студенттер киелі жерлермен танысып қайтты.

Жетелі жеті жоба

Оның алдында жаңа мар­шруттардың желісін жа­сақ­тау үшін студенттер мен ма­­гистранттар арасында кон­­­курс ұйымдастырылған. Сайыс барысында әр команда көпшілікке кеңінен таныла қоймаған, алайда туристік әлеуеті жоғары нысандардың өзіндік ерек­шелігін таныс­тырып, бизнес-жоспарын қорғады. Қазылар алқасы әр­­бір жоба­ның мәні мен ма­ңы­зын сарапқа сала келе, Қа­зақ филологиясы және әлем тілдері факультетінің «Же­тісу» тобының «Же­тісу – жер жән­наты» тақы­ры­бын­дағы жобасы үздік деп танылған болатын. Жобада «Жеті қа­зына» құсбегілер мұ­ра­жайы, «Ойрантөбе» тарихи орны, «Ба­ртоғай» көлі, Шарын шат­қалындағы «Қа­малдар аңғары», «Жа­быр», «Темірлік Шың­ғысхан бей­несі», «Қы­зыл­сай» сияқ­ты тарихи, та­биғи ерек­ше­лігі бар нысандар қарас­тырылған.

Осылайша «Жетісу» то­бының мүшелері «Құс­бе­гілік – қазақтың төл өне­рі» экспедициясының құ­рамында Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданындағы «Жеті қазына» құсбегілер мұ­­ражайына арнайы барды. 2003 жылы ашылған мұражай саятшылық өнерін өркендетіп отыр. Бү­гінде мұнда 11 құсбегі мен қыран бүркіттер бар.

Бүркіттен бөлек мұнда қазақтың таза тұқымды тазысы мен төбеттері, саят­шы­лыққа қажетті құрал-жаб­дықтар, балбал тастар бар. Жәдігерлердің барлығы жер­гілікті тұрғындардың көмегімен жинақталған.

Сонымен қатар экспедиция аясында Шарын шатқалына да арнайы сапар ұйымдастырылды. Гео­графия және туризм кафе­драсының меңгерушісі Шай­хислам Лайс­хановтың айтуын­ша, «Алқаптар ғимара­ты» деп аталатын Шарын шат­қалы Алматы қаласы­нан 195 шақырым қашықтықта орналасқан.

Студенттер саяхаттың өте қызықты әрі әсерлі бол­ға­нын айтады. Олар осындай саяхат арқылы табиғи, тарихи нысандарды көпшілікке көрсететін жаңа туристік мар­шруттарды құрастырмақ.

 

АЛМАТЫ