Кәсіпқой бокс • 08 Қараша, 2019

Кезекті жекпе-жектерін өткізеді

131 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алдағы жексенбі күні кәсіпқой бокстың орта салмағында жұдырықтасатын отан­дасымыз Жәнібек Әлімханұлы мен бірінші орта салмақтағы Мадияр Әш­кеев кезекті жекпе-жектерін өткізеді.

Кезекті жекпе-жектерін өткізеді

Жәнібек Әлімханұлы АҚШ-тың Фрес­но қаласында өтетін бокс кешінде Ни­герияда туып-өсіп, кейіннен Канаданың аза­маттығын алған 39 жастағы Альберт Онолуносемен айқасады. Бұл айқаста отандасымыз WBC Continental Americas титулын қорғайды. Қазақстандық көрермендер бұл жекпе-жекті 10 қараша күні «Хабар» телеарнасынан тікелей эфирде көре алады.

Ал Лос-Анджелесте өтетін бокс кешінде Мадияр Әшкеев мексикалық Фернандо Кас­танедомен рейтингтік жекпе-жек өткізеді.