Қазақстан • 08 Қараша, 2019

Елордада 23 бала тегін түзету курстарынан өтті

196 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Елорданың инклюзивті балабақшасында аз қамтылған, толық емес отбасыларында тәрбиеленіп жатқан, ерекше қажеттіліктері бар 23 бала тегін түзету курстарынан өтті. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.


Елордада 23 бала тегін түзету курстарынан өтті

«Олардың ішінде 10 бала мектепке дейінгі мекемелерге барады. Осы жылдың көктемінде «Co-Make» қоғамдық қоры Нұр-Сұлтанда «Росток» инклюзивті балабақшасын ашты.

Инклюзивті балабақшада «Бірге оқимыз!» атты жоба ұйымдастырылған. Жоба аясында мектепке дейінгі жастағы ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға (аутизм, есту, сөйлеу, қозғалыс қабілеттері бұзылған балалар) түзету-дамыту сабақтары жүргізіледі. Сондай-ақ жоба шеңберінде баланы әлеуметтік ортаға бейімделеді. Ерекше қажеттіліктері бар балаларға арналған балабақша қала әкімдігінің қолдауымен мүмкін болды.

«Astana» ӘКК операторы болып табылатын коммуналдық мүлікті тиімді пайдалану бағдарламасы аясында инклюзивтік балабақшаға Есіл ауданынан 500 ш.м. үй-жай берілді.

Қазір бұл жерде мектепке дейінгі оқытудан 40-қа жуық бала өтуде.

Балабақшада әлеуметтік-тұрмыстық бағдар кабинеті, емдік дене шынықтыру залы, логопедтердің, дефектологтардың жеке жұмыс кабинеттері, биологиялық кері байланыс кабинеті жұмыс істейді.

2020 жылы ерекше қажеттіліктері бар балалардың аналарын оқыту, сауықтыру курстарын іске қосу жоспарлануда», делінген хабарламада.