Аймақтар • 07 Қараша, 2019

Аркалыкта ауыр кылмыс жасаған күдікті Бельгияда ұсталды

568 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Бұл туралы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызмет хабарлады. 2000 жылы Арқалық қаласында үш жасөспірімді өлтірген қылмыскер 19 жылдан кейін Бельгияда ұсталды. Қылмыс және күдіктінің ұзақ жылдардан кейін ұсталуы жөнінде облыстық полиция департаментінің бастығы Бекет Аймағамбетов айтып берді.

Аркалыкта ауыр кылмыс жасаған күдікті Бельгияда ұсталды

2000 жылдың 8 сәуірінде таңғы сағат 09.00 шамасында Арқалық қаласы ПБ кезекші бөліміне 31 жастағы әйел хабарласып, 8 сәуірге қараған түні өзінің пәтерінде кәмелетке толмаған 11 жасар ұлының, 20 және 19 жастағы екі сіңілісінің мәйітін тапқанын айтқан. Аталған факті бойынша ҚК 99-бабының 2-бөлігімен қарастырылған аса ауыр қылмыс белгілері бойынша қылмыстық іс тіркелді.

Сондай-ақ пәтерден 1 243 053 теңге және 2 500 АҚШ доллары көлемінде ақша ұрланған. Дереу жүргізілген жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде күдікті үш адам анықталды. Біреуі – 18 жастағы қала тұрғыны 2000 жылдың 19 сәуірінде ұсталып,15 жылға бас бостандығынан айырылған. Ал 20 және 21 жастағы екі күдікті бой тасалап үлгерген. Екеуі де Арқалық қаласының тұрғыны. Бұрын сотталмаған. Оларға мемлекетаралық және кейіннен халықаралық іздеу жарияланды. Бұдан әрі жедел іздестіру іс-шараларының нәтижесінде күдіктілердің Ингушетия Республикасына және Ресей Федерациясының Шешенстан Республикасына өткені белгілі болды. Іздеуде жүрген 20 жастағы күдікті Ресей азаматының төлқұжатын басқа атпен заңсыз сатып алып, кейін Тверь облысында болған, жеке басының мәліметтерін өзгерткен. Жедел іздесмтіру шаралар кешенін өткізу барысында Қостанай облысы полиция департаментінің криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері 2016 жылдың мамыр айында Тверь облысының аумағына қызметтік іссапарға барып, Западная Двина қаласында күдіктіні қолға түсіріп, 8 жылға бас бостандығынан айырды. Ал 2001 жылдан бері іздеуде жүрген 21 жасында қылмыс істеген екінші күдікті Ресей азаматының төлқұжатын Шешенстан Республикасының атына заңсыз сатып алған.

Одан әрі ол 2005 жылы 14.05.14 мамырда Самара облысының аумағында қарақшылық шабуыл жасап, оған тағы да іздеу салынады, бұл жолы федералды іздеу жарияланған. Қостанай облысы полиция департаментінің криминалдық полиция басқармасы қызметкерлері жедел іздестіру шараларын тоқтатпай, оның «босқын» мәртебесінің жалған құжаттарымен Бельгия аумағында жасырынып жүргенін анықтайды. Күдіктінің ол жақта туыстары болған. Оны 2019 жылы 15 қазанда облыстық криминалдық полиция басқармасы қызметкерлері Қазақстан Республикасының ІІМ «Интерпол» ҰОБ қызметкерлерімен бірлесіп, дактилоскопиялық есепке алу бойынша тексеру нәтижесінде ұстады. Қазіргі уақытта ол қамауда, экстрадициялау мәселесі қаралып жатыр.