«Омбы қаласындағы ынтымақтастық Форумының ресми шараларынан кейін Мемлекеттер басшылары бір-біріне естелік ретінде сыйлық жасады. Владимир Путин Қасым-Жомарт Тоқаевқа мәрмәр мен малахиттан жасалып, күміспен күптеліп, алтынмен апталған шахмат тарту етті. Қазақстан Президенті ресейлік әріптесіне ұлт ұстазы, халқымыздың ұлы ойшылы Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына орай арнайы тарту-таралғы ретінде шығарылған Мұхтар Әуезовтің «Абай жолы» романының екі томын сыйлады» делінген хабарламада.
Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли өзінің Facebook парақшасында хабарлады.
Жамбыл облысында жеке тұрғын үй отқа оранды
Оқиға • Кеше
Эльжана Таниева спорттық мансабын аяқтады
Спорт • Кеше
Қатонқарағайда қоңыр аю фототұзақты сындырып кеткен
Табиғат • Кеше
Қысқы универсиада: Қазақстан қоржынына екі медаль түсті
Қысқы спорт • Кеше