Аймақтар • 08 Қараша, 2019

Алматыда оқушылармен әскери-далалық жиын өтті

389 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматы қаласында «Жас Сарбаз» қозғалысының тәрбиеленушілері мен әскери-патриоттық клубтардың құрамындағы балалар үшін алғаш рет әскери-далалық жиын өткізілді. Бұл туралы Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.


Алматыда оқушылармен әскери-далалық жиын өтті

Жас патриоттар үшін кедергілер жолағынан өту, АК-74 автоматынан ату, парашюттік дайындық сынды тапсырмалар берілді. Сонымен қатар курсанттар кавалерлық жасағын үйрететін базаға барды.

«№95 және 19 мектептерден, Мәншүк Мәметова атындағы мектеп-гимназиядан, №1 облыстық балалар үйіндегі «Жас Сарбаз» қозғалысының тәрбиеленушілері үшін жиын өте қарқынды өтті»,- деді "Киров" әскери-патриоттық клубының жетекшісі Бақытжан Перімбет.

Жиында ең жас қатысушылар 5-сынып оқушылары болды. Өз жасына қарамастан, олар барлық тапсырмаларды нұсқаушы-оқытушылар құрамының бақылауымен сенімді орындады.

Әскери-далалық жиын ҚРҚМ Алматы Қорғаныс жұмыстары жөніндегі департаменті мен Әскери-техникалық мектептің қолдауымен ұймдастырылды.

«Біздің әскери-патриоттық клубымыз 5 жылдан астам уақыт бойы жұмыс істеп келеді. Алматы қаласы қорғаныс істері Департаментінің тікелей қатысуымен қызықты іс-шаралар тек әскери-патриоттық клубтарда ғана емес, балалар үйінде де өткізіледі. Біздің клубта балалар үйінің тәрбиеленушілері тау-альпинистік дайындықпен айналысады", деді Бақытжан Перимбетов.

Алматы қаласының №95 жалпы білім беру мектебінің директоры Айнұр Сабированың айтуынша, «Жас Сарбаз» сыныбының ашылуы және балалардың осындай іс-шараларға қатысуы мектептің көңіл-күйіне тікелей әсер етеді. «Оқушылардың алдында үлгі кадеттер мен жас сарбаздар әрқашан үлгі болмақ ", деп атап өтті ол.