Аймақтар • 08 Қараша, 2019

Жемқорлық жайлы баяндағандар ірі көлемде сыйақы алған

211 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаментінің тергеу жұмысының 9 ай қорытындысы бойынша өткен брифингте аталмыш департамент тергеу басқармасының басшысы Бауыржан Баймұрза мәлімдеді.

Жемқорлық жайлы баяндағандар ірі көлемде сыйақы алған

Б.Баймұрзаның айтуынша, есепті кезеңде Агенттіктің алға қойған міндеттерін басшылыққа ала отырып, Департамент тергеу бағыты бойынша айтарлықтай нәтижелерге қол жеткізген. Ол сыбайлас жемқорлық фактілерінің жолын кесу бойынша жұмыстың тиімділігі 2 есеге артып, пара алу мен бюджет қаражатын ұрлау сияқты сыбайлас жемқорлық схемалары орын алып, Департаментпен 6 дерек анықталын, олар бойынша белгіленген және өтелген шығын 1,2 млрд теңгені құрағанын айтып өтті.

Мысалы, автожол саласында облыстың квазимемлекеттік сектордың екі басшысы яғни «КазАвтоЖол» ҰК АҚ Маңғыстау облыстық филиалының директоры және оның орынбасары ұйымдастылған қылмыстық схеманың жолы кесілді. Атап айтқанда, орындалмаған актілерге қол қою және шарттық міндеттемелерді бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартпау, мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезінде өнім берушінің мүддесін қолдау, сондай – ақ автожол құрылысына бөлінген бюджет қаражатын жымқыру деректері парақорлықтың негізі болып табылды.

Қазіргі таңда жүргізілген талдау нәтижесімен сыбайлас жемқорлыққа бейім салаларды анықтау жұмыстары жүргізіліп келеді. Жүргізілген талдау нәтижесінде жер қатынастары, денсаулық сақтау, құрылыс және ауыл шаруашылығы салалары бойынша қылмыс жолдары кесілді, деді ол.

Сондай-ақ азаматтардың сенім деңгейін арттыру мен сыбайласжемқорлыққа қарсы күреске жәрдемдесу аясында Департаментпен 9 адамға 1 млн 416,4 мың теңге көлемінде сыйақы берілген.