Спорт • 08 Қараша, 2019

Дмитрий Шомко: Жанкүйерлерден кешірім сұраймын

304 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

«Астана» Еуропа Лигасының топтық кезеңі аясында «АЗ Алкмар» командасына қарсы ойнап, 0:5 есебімен жол берді. Кездесу соңында елорда командасының вице-капитаны Дмитрий Шомко журналистердің сұрақтарына жауап берді. 

Дмитрий Шомко: Жанкүйерлерден кешірім сұраймын

– Бірінші кезекте өзіміз үшін де ұяттымыз. Стадионға келіп бізді қолдаған жанкүйерлерден кешірім сұраймын. Иә, біз жеңіске жетуге барынша тырыстық, бірақ ол аздық етті. Екі-үш голды өз қателігімізден кейін өткізіп алдық. Чемпиондыққа қол жеткізіп, топтық кезеңге шығу арқылы өз алдымызға жүктелген міндетті орындағанымызды жақсы түсінеміз. Ешқандай сылтау іздеуден аулақпын.

– Екінші голдан кейін команда ойнауды мүлде доғарғандай көрінді...

– Біз барынша қысым көрсетуге тырыстық. Бірақ ол нақты қолымыздан келді дей алмаймын. Қарсылас оған мүмкіндік бермеді. Өте лайықты команда.

– «Ертіспен» ойын қалай болмақ?

– Алаңға шығып ойнау қажет. Басқаша болуы мүмкін емес. Ойнағысы келмегендер шықпай-ақ қойсын. Менің ойымша дәл қазір футболшылар бірінші кезекте бес жыл бойы тектен-тек чемпион атанбағанын өз-өздеріне дәлелдегісі келеді. Біз кәсіби футболшы болғандықтан, соңына дейін күресетін боламыз.

– Соңғы жылдары ақырғы турға дейін топтан шағатын мүмкіндік болған еді. Дәл қазір ешқандай мүмкіндік қалмағанын ескерсек, «Манчестер» мен «Партизанға» қарсы дайындық қалай болмақ?

– Бірінші мақсат – алаңға шығып футбол ойнау. Біз деңгейі жоғары клубтың өкілі екендігімізді өте жақсы түсінеміз.

– Әлеуметтік желілердегі жанкүйерлер соңғы екі ірі жеңілістен кейін Сіздердің чемпион атағандарыңызға аса разы емес...

– Көңілі толмайтын жандар әр кезде болады. «Астананың» чемпион атанғанын көбісі қаламайды да. Көре алмайтындар бізден алшақ жүрсін. Мен ешкімге де жамандық тілемеймін. Егер кімде-кімнің сауалы болса, келіп қойсын, жолдасын. Ал футболды тікұшақтан ғана көрген, өмірлерінде ешқашан футбол ойнамаған сарапшыларға айтарым: осы істерін жалғастыра берсін. Біз егер лайық болмасақ, чемпион атанбас едік. Біз жайдан-жай чемпион атанбағанымызды барлығына дәлелдеп қойғанбыз. Егер чемпиондыққа лайық басқа команда бар болса, «Астананың» соңғы бес жылда жеткен нәтижелеріне жетіп көрсін. Сосын сөйлесе жатармыз.