Қазақстан • 09 Қараша, 2019

Еуразиялық даму банкі Мемлекет басшысының ұсынысына жауап берді

231 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан мен Ресейдің шекаралас аймақтарының инвестициялық әлеуеті мен экономикаларын зерделеуді және даму институттарын тарта отырып, тиісті жобаларды қаржыландыруды ұсынды.  

Еуразиялық даму банкі Мемлекет басшысының ұсынысына жауап берді

«ЕДБ біздің ішкі нарықты дамытуға белсене қатыса алар еді», – деді Қазақстан Президенті.

ЕАДБ мұндай жобаларға қатысуға дайын екендіктерін айтты. ЕАДБ басқарма басшысының орынбасары Амангелді Исенов Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Омбыдағы форумда айтылған ұсынысына түсініктеме берді.

«Қазақстан Президентінің айтқан бағыттары Қазақстанда ЕАДБ қызметін құруға қуатты серпін беріп, Еуразиялық экономикалық одақ аясындағы ынтымақтастықтың нақты перспективасын қалыптастырады», – деді Исенов журналистермен кездескен кезде.
2019 жылы банк Қазақстанда Сарыарқа газ құбырын салу жобаларын, «Самұрық-Қазына» тобын және ресейлік «Хевел» компаниясының жаңартылатын энергия көздері саласындағы жобаларын қаржыландырды және «Altinalmas»  компаниясымен ынтымақтастықты жалғастырды.

«Бүгінгі таңда Қазақстанның банк қоржынындағы үлесі 40% -дан асады. Жобалық цикл аясында «ҚазМұнайГаз» тобы жүзеге асырып жатқан жобалар қарастырылуда – Астрахань-Маңғышлақ су құбырын қайта құру жобасы, KEGOK және инфрақұрылымда іске асырылатын бірқатар мемлекеттік-жеке серіктестік жобасы », – деді А.Исенов.

Омбыдағы форумда екі елдің 20 аймағына әсер ететін Қазақстан мен Ресейдің шекаралас ынтымақтастық бағдарламасының тұжырымдамасы қабылданғанын атап өткен жөн.

 

АЛМАТЫ